Кеңес ал!

30.12.2025

«Бәйтерек» холдингі Ұлттық инвестициялық холдинг мәртебесіне өтті

«Бәйтерек» холдингі Ұлттық инвестициялық холдинг мәртебесіне өтті

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы мемлекеттік қайта тіркеу рәсімінен өтіп, қызметін «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы атауымен жалғастыра бастады.

Бұл өзгеріс Холдингтің соңғы жылдары жүргізіп келе жатқан құрылымдық әрі мазмұндық жаңғыруының жалғасы болып табылады. Трансформацияның негізгі мақсаты – инвестициялық саясатты жаңа деңгейге шығару, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін күшейту.

Ұлттық инвестициялық холдинг ретінде «Бәйтерек» экономиканың басым бағыттарына инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге, ірі әрі жүйеқұраушы жобаларды іріктеу мен іске асыруды үйлестіруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиімді шоғырландыруға басымдық береді. Холдинг қызметінің негізгі фокусы өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және экспортқа бағдарланған салалардағы инвестициялық жобаларды қолдауға бағытталмақ.

Сонымен қатар, Холдинг инвестициялық бастамалармен проактивті жұмыс істеу тетіктерін дамытуды көздейді. Бұл инвестициялық портфельді қалыптастырудан бастап, жобаларды мемлекеттік даму институттары, екінші деңгейлі банктер және жеке инвесторлармен бірлесе отырып кешенді сүйемелдеуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі бұдан былай да елдегі негізгі даму институты ретіндегі өз функцияларын сақтай отырып, инвестициялық, инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды жүйелі түрде қолдауды жалғастырады және Қазақстан экономикасының ұзақмерзімді әрі орнықты дамуына үлес қоса береді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар