Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

12.06.2026

«Бәйтерек» холдингі критикалық маңызды минералдар саласындағы жобаларды қаржыландыру құралдарын таныстырды

Кеңес ал!

12.06.2026

«Бәйтерек» холдингі критикалық маңызды минералдар саласындағы жобаларды қаржыландыру құралдарын таныстырды

«Бәйтерек» холдингі критикалық маңызды минералдар саласындағы жобаларды қаржыландыру құралдарын таныстырды

12 маусым күні Астанада «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарушы директоры Айдын Ақан Astana Mining & Metallurgy XVI халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы ұйымдастырған Critical Minerals Workshop семинарында сөз сөйледі.

Семинарға АҚШ Сауда министрінің көмекшісі Дэвид Фогель бастаған америкалық бизнес-делегация қатысты. Іс-шара тау-кен өнеркәсібі мен критикалық маңызды минералдар саласындағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы коммерциялық ынтымақтастықты нығайтуға арналды. Талқылауға сондай-ақ АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясының, АҚШ Сауда және даму агенттігінің, АҚШ Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасының, Citibank Kazakhstan және Haller Lomax компанияларының өкілдері қатысты.

Айдын Ақан Қазақстан әлемдегі минералдық-шикізат қоры ең әртараптандырылған елдердің бірі екенін атап өтті. Елдің ресурстық базасы энергетикалық ауысу мен жоғары технологиялық салалар үшін стратегиялық маңызы бар 20-дан астам металды қамтиды. Қазақстан уран өндіру көлемі және хромит кендерінің қоры бойынша әлемде бірінші орында тұр, сондай-ақ титан, алтын және мыс қоры бойынша жетекші мемлекеттердің қатарына кіреді.

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы тау-кен металлургия кешеніндегі жобаларды қолдау көлемін кезең-кезеңімен арттырып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аталған сала Топтың инвестициялық портфеліндегі барлық инвестициялардың 46%-ын құрады. Инвесторлар үшін еншілес ұйымдардың қаржылық құралдарының толық жиынтығы қолжетімді. Олардың қатарында инвестициялық және экспорттық қаржыландыру, кепілдіктер беру, лизинг, экспорттық кредиттерді сақтандыру және үлестік қаржыландыру бар.

Сонымен қатар, 2030 жылға дейін сирек, сирек жер және критикалық маңызды металдарды өңдеу жобаларын қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның жалпы көлемі 1 млрд АҚШ долларына дейін жетеді, ал қаржыландыру мерзімі 20 жылға дейін қарастырылған.

«Біз халықаралық қаржы институттары ұлттық даму институттарымен бірлесіп қатысатын бірлескен қаржыландыру моделін аса тиімді деп санаймыз. Мұндай тәсіл тәуекелдерді бөлісуге, ұзақ мерзімді қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етуге және жобалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Халықаралық капиталдың, жеке инвестициялар мен мемлекеттік қолдаудың үйлесімі критикалық маңызды минералдар секторын жедел дамыту мен Қазақстанда толыққанды өндірістік тізбектер қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады», – деді Айдын Ақан.

Спикер сондай-ақ мемлекет инфрақұрылымдық шектеулерді жүйелі түрде жою бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, теміржол желісін және Каспий теңізіндегі порттарды кеңейту жобалары іске асырылуда, Транскаспий халықаралық көлік бағыты дамып келеді. Бұдан бөлек, шамамен 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі геологиялық барлау жұмыстарына бағытталған инвестициялар ел аумағын толық геологиялық түсіріліммен қамтуға және болашақ инвесторлар үшін тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ тоғыз даму институтын біріктіреді және Қазақстанның экономикалық әрі инвестициялық саясатын іске асыратын негізгі қаржы институты болып табылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар