09.07.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Астана, 2026 жылғы 9 шілде. «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобында корпоративтік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес жүйелі түрде жетілдіруді жалғастыруда. Осы бағыттағы кезекті қадам ретінде тәуелсіз директор Ким Кевин Гвангил «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Халықаралық тәжірибеде тәуелсіз директордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлануы стратегиялық шешімдердің объективті қабылдануын қамтамасыз етудің, атқарушы орган қызметіне тәуелсіз бақылауды жүзеге асырудың және ықтимал мүдделер қақтығысын барынша азайтудың ең тиімді тетіктерінің бірі саналады. Бұл тәсіл жетекші халықаралық қаржы институттары, даму институттары мен егеменді әл-ауқат қорларының қызметінде кеңінен қолданылады.
Тәуелсіз директорлар институтын дамыту ESG күн тәртібінің маңызды құрамдас бөлігі. ESG қағидаттарының Governance бағыты корпоративтік басқару сапасын айқындайды. Қазіргі таңда халықаралық инвесторлар, қаржы ұйымдары мен рейтингтік агенттіктер корпоративтік басқару сапасын компанияның орнықтылығының, тәуекелдерді тиімді басқарудың және инвестициялық тартымдылығының негізгі факторларының бірі ретінде бағалайды.
Директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасы мәртебесі қабылданатын шешімдердің объективтілігіне қосымша институционалдық кепілдік береді. Корпоративтік басқарудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес, директорлар кеңесі мүшелерінің бірыңғай ұстанымы болмаған жағдайда түпкілікті шешім тәуелсіз кәсіби пайымға негізделуі тиіс. Мұндай тәсіл директорлар кеңесінің қызметіне деген сенімді нығайтуға, корпоративтік басқарудың ашықтығын арттыруға және акционердің ұзақ мерзімді мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
«Бәйтерек» холдингі Басқармасының төрағасы Рустам Қарагойшин:
«Бәйтерек» холдингі үшін корпоративтік басқару – мемлекеттік даму институттарының тиімділігін арттырудың стратегиялық құралы. Бүгінде инвесторлар компаниялардың қаржылық нәтижелеріне ғана емес, сонымен қатар корпоративтік басқару сапасына, директорлар кеңестерінің тәуелсіздік деңгейіне және шешім қабылдау жүйесінің тиімділігіне де ерекше мән береді.
Сондықтан біз корпоративтік басқару жүйесіндегі тәуелсіз директорлардың рөлін күшейте отырып, үздік халықаралық тәжірибелерді дәйекті түрде енгізіп келеміз. Тәуелсіз директордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлануы – кәсібилікке, объективтілікке, ашықтық пен жауапкершілікке негізделген заманауи басқару моделін қалыптастыру жолындағы кезекті қадам. Бұл инвесторлардың сенімін нығайтуға, ESG тәжірибелерін дамытуға және Холдингтің компаниялар тобының инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға ықпал етеді», – деді.
«Бәйтерек» холдингі корпоративтік басқаруды жетілдіруді мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттырудың, инвесторлар мен халықаралық серіктестердің сенімін нығайтудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасы үшін ұзақ мерзімді құн қалыптастырудың негізгі факторларының бірі ретінде қарастырады. Компаниялар тобында корпоративтік басқарудың үздік халықаралық тәжірибелерін енгізу жөніндегі жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.