Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

22.07.2026

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан-Қытай форумында еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Кеңес ал!

21.07.2026

«Бәйтерек» холдингі кореялық серіктестермен инфрақұрылымдық жобалар бойынша ұсыныстарды талқылады

«Бәйтерек» холдингі кореялық серіктестермен инфрақұрылымдық жобалар бойынша ұсыныстарды талқылады

21 шілдеде «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Оңтүстік Кореяның RETD (Trinity Interworks) компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін, оның ішінде Алматы - Алатау бағыты бойынша NETSTREAM Maglev LRT жобасын, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымдарының, оның ішінде Қазақстанның Даму Банкі мен Qazaqstan Investment Corporation құралдарын пайдалану арқылы жобаны қаржыландырудың ықтимал тетіктерін талқылады. Сонымен қатар корейлік деңгейдегі университеттік көпсалалы аурухана, қонақүй-көпфункционалды кешен салу және перспективалы жобаларды бірлесіп қаржыландыруға арналған қазақстандық-кореялық платформаны құру жөніндегі бастамалар таныстырылды.

Тимур Онжанов Холдингтің заманауи инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялар тартуға және озық технологияларды енгізуге бағытталған бастамаларға қызығушылық танытатынын атап өтті. Сонымен бірге ол жобаларды қолдау туралы шешімдер олардың экономикалық тиімділігіне, Холдингтің стратегиялық басымдықтарына және қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктеріне сәйкестігі ескеріле отырып қабылданатынын айтты.

«Инфрақұрылымды кешенді дамыту заманауи қаржы құралдарын қолдануды және мемлекет, даму институттары мен жеке инвесторлар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды талап етеді. Холдинг еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін әлеуеті жоғары жобаларды қарастыруға дайын», - деді ол.

RETD өкілдері көлік инфрақұрылымы, денсаулық сақтау және қалалық жылжымайтын мүлік салаларындағы жобаларды кезең-кезеңімен әзірлеуді көздейтін ынтымақтастық платформасының тұжырымдамасын таныстырды. Бұдан бөлек, компания қазақстандық және кореялық қаржы институттарының қатысуымен қаржыландыруды бірлесіп құрылымдау тәсілдерін қарастыруды ұсынды.


Анықтамалық ақпарат

RETD Co., Ltd. - қалалық мобильділік саласындағы кешенді инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға маманданған Оңтүстік Корея компаниясы. Компания Maglev LRT жүйелерін қоса алғанда, жоғары жылдамдықты көлік жобаларын дамытумен айналысады, сондай-ақ жобалық қаржыландыруды құрылымдауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға, көлік және қалалық инфрақұрылымды дамытуға қатысады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар