Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

14.10.2026

«Бәйтерек» холдингі коммуналдық желілер мен энергетикалық инфрақұрылымды жаңартуға қолдау көрсетуде

Кеңес ал!

14.10.2026

«Бәйтерек» холдингі коммуналдық желілер мен энергетикалық инфрақұрылымды жаңартуға қолдау көрсетуде

«Бәйтерек» холдингі коммуналдық желілер мен энергетикалық инфрақұрылымды жаңартуға қолдау көрсетуде

Астанада энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктерге арналған Power Trends 2026 форумы өтті. Іс-шараға «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің атынан Басқарма төрағасының орынбасары Усен Галым және басқарушы директор Руслан Тюлегенов қатысты.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының қаржы операторы ретінде Холдинг жобаларды өтінім беруден бастап қаражат бөлінгенге дейін сүйемелдейді. Бұл жұмысқа еншілес ұйымдар, коммерциялық банктер және халықаралық қаржы институттары тартылған.

«Біздің міндетіміз инвестициялық портфельдегі өтінімдер мен жоспарлардың нақты қаржылық шешімдерге ұласып, жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Әрбір кәсіпорын үшін жобаның ауқымы мен ерекшеліктерін ескере отырып, қолайлы қаржыландыру тетігі айқындалады», – деп атап өтті Усен Галым.

Ұлттық жобаның электрондық платформасында 2026–2029 жылдарға жалпы сомасы 885 млрд теңгені құрайтын 346 өтінім келісілді. Қаржыландыру қажетті рәсімдерден өтуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2026 жылы Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы арқылы 169,2 млрд теңгеге жобалар нақты қаржыландырылды. Инфрақұрылымды жаңарту отандық құбырларға, кабельдерге, трансформаторларға және басқа да жабдықтарға сұраныс қалыптастырады.

«Әрбір қаржыландырылған жоба жаңа және жаңғыртылған желілерді, қосалқы станцияларды, есепке алу және басқару жүйелерін қамтиды. Біз үшін басты нәтиже – нақты іске қосылған жобалар мен жаңғыртудың практикалық тиімділігі, кәсіпорындар мен халықты энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру», – деп атап өтті Холдинг Басқармасы төрағасының орынбасары.

Холдинг қаржылық шешімдерден құрылыс жұмыстарына көшу үшін жобаларды сүйемелдеуді жалғастырады. Бұл жұмыс тозған инфрақұрылымды жаңартуға, коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыруға және қазақстандық өндірушілер үшін мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар