11.11.2020

«Бәйтерек» холдингі KASE алаңында көлемі 50 млрд теңге облигацияларды орналастырды

«Бәйтерек» холдингі KASE алаңында көлемі 50 млрд теңге облигацияларды орналастырды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Қазақстандық қор биржасы» АҚ алаңында айналым мерзімі 10 жыл және сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,3 % болатын, 50 млрд теңге көлеміндегі облигацияларды орналастырғаны туралы хабарлайды.

Холдинг облигациялары көптеген инвесторларға ұсынылды, өткізілген мамандандырылған сауда-саттық бойынша сұраныс 127% құрады. Түскен қаражат «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингтік қаржыландыруға бағытталды.

Бұл шығарылым «Бәйтерек» холдингінің сегізінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі бірінші шығарылым болып табылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін, жалпы көлемі 100 млрд теңге облигациялардың қосымша екі шығарлымы жүзеге асырылмақшы.

Аталған мәміле бойынша қаржы кеңесшісі «Halyk Finance» АҚ, мәмілелер бойынша брокерлер «Halyk Finance» АҚ және «SkyBridge Invest» АҚ болды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар