19.03.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«Бәйтерек» холдингінің делегациясы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжановтың жетекшілігімен Испанияға жұмыс сапарымен барып, Қазақстан-Испания іскерлік кеңесінің 8-ші отырысына қатысты. Делегация құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы Марат Елібаев, «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Аллен Чайжүнісов және «Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев кірді.
Іскерлік кеңес отырысы екі елдің мемлекеттік органдары, бизнес және қаржы ұйымдары өкілдерін жинап, Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Өз сөзінде Тимур Онжанов екі ел арасындағы серіктестіктің стратегиялық маңызын атап өтті:
«Бүгінде біз инвестициялар, инновациялар, инфрақұрылымды дамыту және тұрақты экономикалық өсім секілді негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерінің алдында тұрмыз. Испания бизнесі туризм, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, энергетика және құрылыс салаларында өз әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстан нарығына шығуға үлкен мүмкіндіктерге ие. Бұл секторлар екі елдің экономикалық әртараптандыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарына сай келетін өзара мықты тұстарын айқындайды».
Сапар барысында инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды келісімдер жасалды:
Сапардың маңызды бөлігі Испанияның мемлекеттік хатшысы Мария Ампаро Лопес Сеновильямен өткен келіссөздер болды. Кездесу барысында өнеркәсіп, энергетика және инновациялар салаларындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды. Тараптар ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
Сонымен қатар, холдинг делегациясы Banco Santander, Inditex, Pascual Calidad, Barceló Hotel Group, Ávoris, Xcalibur, Parque Tecnológico de Valdemingómez және Innovaciones Imabe S.L.U. сынды Испанияның жетекші компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында инвестициялар мен технологиялар саласындағы ықтимал серіктестік бағыттары қарастырылды.
Жұмыс сапары Қазақстан мен Испания арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды нығайтып, ірі экономикалық бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатын серіктестікті одан әрі дамыту жөніндегі келісімдермен аяқталды.