29.07.2021

«Бәйтерек» холдингі исламдық қаржыландыру құралдарын белсенді түрде енгізуде

«Бәйтерек» холдингі исламдық қаржыландыру құралдарын белсенді түрде енгізуде

Қазанда «Ресей - Ислам әлемі: KazanSummit2021» екі күндік халықаралық экономикалық саммиті - Ресей өңірлері мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің экономикалық өзара іс-қимылының басты алаңы ашылды.

Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың қатысуымен өткен пленарлық сессия барысында «Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдарда исламдық қаржыландыру құралдарын енгізу жөніндегі жұмысымен таныстырды.

Саммитте сөз сөйлеген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жобалық қаржыландыру және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Әсет Тәжікенов Холдинг өз қызметі шеңберінде исламдық қаржыландыру құралдарын дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Осы мақсатта Холдинг инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тікелей инвестициялардың Ислам қорларымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өткен жылдың сәуір айынан бастап «Аль -Хилал» ислам банкі» АҚ және « Қазақстан Иджара компаниясы» АҚ-мен бірлесіп 30 млн АҚШ доллары сомасына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда 32 млн АҚШ долларынан асатын 90 жобаға қолдау көрсетілді: 206 жаңа жұмыс орны құрылды, өндіріс көлемі 29,4 млн АҚШ долларын, ал салық түсімдерінің көлемі - 784 мың АҚШ долларын құрады. 2020 жылдың қорытындылары бойынша исламдық қаржыландыру жеңілдікті қаржыландыру шеңберінде қолдаудың жалпы үлесінің 5% - ына жетті.

Исламдық қаржыландыруды дамытуды іске асыру шеңберінде Холдинг жұмыс істейтін тағы бір бағыт - бұл исламдық ипотека. Бұл үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» еншілес компаниясы мен «Al Sakr Finance» қаржы компаниясы ағымдағы жылдың маусым айында келісімшартқа қол қойды. Бұл ынтымақтастық қазақстандықтарға жылжымайтын мүлікті қосымша кепілсіз сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экономикадағы өзгерістердің әсері жоқ, ал алдын ала шарт бұзылған жағдайда төленген сома толық қайтарылуға жатады.

IMG_1193.jpg

Сондай-ақ, саммиттің пленарлық сессиясында интеграциялық процестер мәселелері және олардың Каспий өңірі елдерінің экономикасындағы рөлі талқыланды.

- «Бәйтерек» холдингі Қазақстанның Даму Банкінің, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының, өнеркәсіпті дамыту қорының құралдары арқылы көлік, теміржол инфрақұрылымы, логистика саласындағы экспорттаушыларға табысты қолдау көрсетеді, - деп атап өтті А.Тәжікенов.

Осылайша, «KazakhExport» сақтандыр өтемімен Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Украина сияқты ТМД елдерінің нарығына табысты шығу мақсатында изотермиялық вагондар өндіру жөніндегі отандық кәсіпорынға қолдау көрсетілді.

Айта кету керек, саналы тұтыну KazanSummit-2021 лейтмотивіне айналды. Іскерлік бағдарламаның негізгі тақырыптарының бірі: серіктестік қаржы, халал индустриясы, жастар дипломатиясы, медицина, спорт, креативті индустрия, экспортты дамыту, кәсіпкерлік және инвестициялар. Іс-шара алаңында сондай-ақ Russia Halal Expo индустриясының халал көрмесі және машина жасау кластерлік форумы өтті.

IMG_1187.jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар