15.11.2025 08:00:00
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Жаңа жыл қарсаңында «Бәйтерек» холдингінің ұжымы 2021 жылғы 14 желтоқсанда өткен қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен ақшаға Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ұзақ уақыт емделіп жатқан балалар үшін мереке ұйымдастырды, сондай-ақ үй жануарларына арналған «Ника» панажайын көмірмен, азықпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті.
Қайырымдылық іс-шаралары «Игі істер марафоны» акциясы аясында өтті, оған бастама жасаған Nur Otan партиясының Есіл аудандық филиалының «Бәйтерек» холдингі» бастауыш партия ұйымы.
Ана мен бала орталығының төрт бөлімінде ұзақ емделіп жатқан балалар жаңа жылды тойлауды 22 желтоқсанда бастады. Холдингтің волонтерлары және Аяз Ата мен Ақшақардың киімдерін киген аниматорлар 100 балаға сыйлықтар беріп, сиқырға толы мереке ұйымдастырды.
Холдингте мұндай акциялар келесі жылы да жалғасын табатынын атап өтті.