Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

20.08.2025

«Бәйтерек» холдингі I жартыжылдық қорытындыларын және цифрландыру стратегиясының іске асырылу барысын талқылады

Кеңес ал!

20.08.2025

«Бәйтерек» холдингі I жартыжылдық қорытындыларын және цифрландыру стратегиясының іске асырылу барысын талқылады

«Бәйтерек» холдингі I жартыжылдық қорытындыларын және цифрландыру стратегиясының іске асырылу барысын талқылады

2025 жылғы 20 тамызда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтіп, онда Холдингтің 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің нәтижелері, 2025 - 2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының біріктірілген көрсеткіштері, сондай-ақ цифрлық трансформация аясындағы негізгі бастамалардың ілгерілеуі қаралды.

Холдинг басқармасы төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Холдингтің қаржылық көрсеткіштері мен мемлекеттік қолдау құралдарының даму динамикасы туралы баяндады. Алты ай қорытындысы бойынша активтер көлемі 15,7 трлн теңгені, таза пайда 180 млрд теңгені құрады, активтердің кірістілігі (ROA LTM) – 2,5 %. Экономиканың басым бағыттарын қаржыландыру көлемі айтарлықтай артты: агроөнеркәсіптік кешен – 701,6 млрд теңге (52 %-ға өсім), шағын және орта бизнес – 881,9 млрд теңге, экспорттаушылар – 817,5 млрд теңгеге қаржыландырылды. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне 690,3 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48 %-ға артық.

Комитет 2025 - 2028 жылдарға жоспарланған нәтижелер бөлігінде Холдингтің 2024 - 2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының түзетілген көрсеткіштерін бекітті.

Холдинг басқармасы төрағасының орынбасары Үсен Ғалым 2024 - 2026 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясының іске асырылу барысы туралы баяндама жасады. Аналитикалық орталықты іске қосу, деректерді басқару (Data Governance) процестерін қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін дамыту, сондай-ақ клиенттік сервистің тиімділігін арттыруға бағытталған жасанды интеллект өнімдерін енгізу нәтижелері атап өтілді. Жаңа бастамалардың қатарында деректер сапасын басқару жобалары, AI-кеңес беру құралдары және ішкі басқару процестерін цифрландыру қарастырылған.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет Директорлар кеңесіне ұсынылған құжаттарды бекітуді және Холдингтің стратегиялық басымдықтарын – нақты секторды қолдау мен цифрлық трансформацияны одан әрі іске асыруды жалғастыруды ұсынды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар