29.05.2025 20:56:00
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
21 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Холдингтің 2025 жылғы бірінші тоқсандағы қызметінің негізгі нәтижелері қаралып, сондай-ақ Инвестициялық саясатқа өзгерістер мақұлданды.
Есептік кезеңде Холдингтің еншілес ұйымдары тарапынан шағын және орта бизнес субъектілеріне 439 млрд теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық. Қаржыландырудың елеулі бөлігі экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға (255,5 млрд теңге), агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға (233,4 млрд теңге), сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталды – 11,8 мыңнан астам отбасы тұрғын үй несиелері мен кепілдіктер алды.
Сондай-ақ, Комитет Инвестициялық саясатқа енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Өзгерістер жобаларды іріктеу рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, экологиялық және әлеуметтік критерийлерді интеграциялауға, сондай-ақ жобаны дамыту индексін есептеу әдістемесін жетілдіруге бағытталған.
Құжат сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясатының тұжырымдамасына сәйкестендірілді. Онда «жасыл» жобаларды жіктеу қағидалары мен мемлекеттік және шетелдік серіктестермен өзара іс-қимыл ережелері қамтылған.
Қабылданған шешімдер Холдингтің басым салаларды қолдауға және ел экономикасының тұрақты өсуіне жәрдемдесуге арналған негізгі даму институты ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған.