19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өз құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚАҚ) акцияларының 100%-ын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға (АНК) берді. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компанияларының жалпы саны 7-ге дейін қысқартылды.
ҚАҚ АНК-нің еншілес компаниясына айналып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бойынша өзінің негізгі қызметін жалғастырады. Жүргізілген ұйымдастырушылық өзгерістер ҚАҚ-тың қазіргі клиенттеріне әсер етпейді және іске асырылатын лизингтік бағдарламалардың шарттарына әсер етпейді.