Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

28.07.2026

«Бәйтерек» холдингі энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған 318 жобаны қаржыландырды

Кеңес ал!

28.07.2026

«Бәйтерек» холдингі энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған 318 жобаны қаржыландырды

«Бәйтерек» холдингі энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған 318 жобаны қаржыландырды
1.png

   «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба (ЭКСЖ) аясында табиғи монополиялар субъектілерінің 47 ұйымы ұсынған жалпы құны 625 млрд теңгеге 318 жобаны қарап, қаржыландыруды мақұлдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Холдинг Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.

2.png


«Бәйтерек» холдингі Ұлттық жобаның қаржы операторы ретінде айқындалған. Жобаларды қаржыландыру бірнеше тетік арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Қазақстанның Даму Банкі, екінші деңгейдегі банктер мен халықаралық қаржы ұйымдары арқылы тікелей кредит беру, сондай-ақ Қазақстан Тұрғын үй компаниясы арқылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу көзделген.

3.png


Мақұлданған қаржыландыру көлемінің құрылымында Қазақстанның Даму Банкі арқылы 51,9 млрд теңгеге жобалар қолдау тапты. Екінші деңгейдегі банктер табиғи монополиялардың жекеменшік субъектілерінің 211,6 млрд теңге көлеміндегі жобаларын қаржыландыруды мақұлдады. Халықаралық қаржы ұйымдары желісі бойынша жалпы сомасы 233,9 млрд теңгеге жобалар қолдау тапты. Сонымен қатар Қазақстан Тұрғын үй компаниясы өңірлік жобаларды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың 127,6 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алды.

4.png


Баяндама барысында бюджеттік кредиттеу тетігінің тиімділігіне ерекше назар аударылды. Биыл осы мақсатқа қарастырылған 50 млрд теңге бюджеттік кредиттің 37,5 млрд теңгесі игерілді. Бұл қаражат нарықтық қарыз қаражатымен ұштастырылып, нәтижесінде өңірлер үшін қаржыландырудың түпкілікті мөлшерлемесін жылдық 19 пайыздан 13 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

5.png


«Бюджеттік кредиттеу тетігі өзінің тиімділігін нақты нәтижемен дәлелдеп отыр. Бюджеттен бөлінген әрбір 50 млрд теңге қосымша 150 млрд теңге көлемінде нарықтық қаржы тартуға мүмкіндік береді. Соның арқасында өңірлер инфрақұрылымды нарықтағыдан едәуір төмен мөлшерлемемен жаңғырта алады», – деді Нұрболат Айдапкелов.

6.png


Сондай-ақ Үкімет отырысында қаржыландыру құнының төмендеуі мен жергілікті бюджеттерге түсетін жүктеменің азаюын ескере отырып, 2027 жылы Қазақстан Тұрғын үй компаниясын 50 млрд теңге көлемінде капиталдандыру қажеттігі атап өтілді. Бұл қосымша 150 млрд теңгеге дейін нарықтық қаржы тартуға, сондай-ақ өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды қолдау көлемін 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Анықтамалық ақпарат

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №1102 қаулысымен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның қаржы операторы болып айқындалған. Холдинг табиғи монополиялар субъектілерінің жобаларын қарастырып, оларды тікелей кредиттеу, халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу тетіктері арқылы қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар