10.10.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Астанада «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Пленарлық отырысқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бахытжан Жүнісбеков, Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлікті дамыту орталығының бас директоры Асланбек Жақыпов, сондай-ақ бизнес пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы баяндама жасап, Холдингтің 2025-2029 жылдарға арналған Ұлттық жобаның қаржылық операторы болып белгіленгенін атап өтті.
«Бәйтерек» холдингінің Ұлттық жобаның қаржылық операторы болып айқындалуы қаражат тарту мен бөлудің тиімділігін арттырудағы маңызды шешім. Біздің міндетіміз – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғыртуға, инфрақұрылымның тозуын азайтуға және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беретін сенімді қаржыландыру тетіктерін қалыптастыру», – деп атап өтті Жандос Шайхы.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес, табиғи монополиялар субъектілеріне келесі қаржыландыру құралдары қолжетімді:
Осы жылдың қыркүйегінен бастап «Бәйтерек» холдингі Ұлттық жобаны практикалық жүзеге асыруға кірісті. Қазақстан тұрғын үй компаниясы 22,5 млрд теңге көлемінде әкімдіктердің мемлекеттік бағалы қағаздарын алғашқы сатып алу операциясын жүргізіп, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында 10 пилоттық жобаны іске қосуға мүмкіндік берді.
Қаржыландырылған жобалар жылу желілерін және су тазарту кешенін жаңғыртуға бағытталған. Бұл өз кезегінде тұрғындарды үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, желілердің тозуын азайтуға және жылу желілеріндегі апаттылықты төмендетуге жағдай жасайды.
Сонымен қатар, табиғи монополиялар субъектілерінен өтінімдерді қабылдау bgov.kz ішкі порталы арқылы жүргізілуде. Қазіргі таңда 27 жоба қаралу үстінде, оның ішінде жалпы құны 140 млрд теңгеден асатын 7 жоба Қазақстанның Даму Банкінде қаралуда. Мысалы, «Қарағанды Жарық» ЖШС инвестициялық жобасы қараудың соңғы кезеңіне – банктік сараптамаға өтті.
Сонымен бірге, Холдинг халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жүргізуде. Олардың ішінде Дүниежүзілік банк пен Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің қызығушылығын ерекше атап өтуге болады. Баяндама соңында Жандос Шайхы Холдингтің Ұлттық жобаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қаржылық оператор ретіндегі қызметін жалғастыратынын атап өтті.