20.08.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
2025 жылғы 19 тамызда электрондық үкіметтің eGov.kz порталындағы «Ашық диалог» бөлімінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры Нияз Көшкімбаевтың қатысуымен халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша интернет-конференция өтті.
Үш сағат бойы пайдаланушылар тұрғын үй жинақ жүйесі, ипотекалық несиелеу, жалдамалы тұрғын үй беру, мемлекеттік субсидиялау шаралары, сондай-ақ азаматтарды тұрғын үй кезегіне қоюдың жаңа тәртібі туралы мазмұнды сұрақтар жолдады.
Интернет-конференция барысында 9 сұрақ келіп түсті, олардың әрқайсысына толық жауап берілді.
Нияз Көшкімбаев «Бәйтерек» холдингі мемлекеттік тұрғын үй бастамаларын іске асыру аясында қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын кеңейту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыра беретінін, оның ішінде әлеуметтік жағынан осал азаматтарға ерекше басымдық берілетінін атап өтті.
Анықтама үшін:
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағыты бойынша Холдинг құрылымына азаматтарды тұрғын үймен қамтуға арналған мемлекеттік және нарықтық құралдарды жүзеге асыратын «Отбасы банк» АҚ мен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кіреді.