Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

24.06.2026

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанда еуропалық компаниялардың жаңа жобаларын іске асыруға қолдау көрсетеді

Кеңес ал!

17.06.2026

«Бәйтерек» холдингі CASTAS'26 саммитінде туристік жобаларды қаржыландыру тетіктерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі CASTAS'26 саммитінде туристік жобаларды қаржыландыру тетіктерін таныстырды

17 маусым күні Алматы қаласында өткен Орталық Азия елдеріндегі тұрақты туризмге арналған алғашқы өңірлік саммит — Central Asian Sustainable Tourism Annual Summit (CASTAS'26) аясында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарушы директоры Анна Лукина сөз сөйледі. Саммитке Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар ортасының 150-ге жуық өкілі қатысты.

Өз сөзінде Анна Лукина туристік жобаларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарын таныстырып, инвесторлар үшін перспективалы бағыттарға тоқталды.

Оның айтуынша, туризм саласын мемлекеттік қолдау бұл сектордың экономикаға беретін жоғары қайтарымымен байланысты. Туристік инфрақұрылымға салынған инвестициялар көлік, сауда және қызмет көрсету салаларының дамуына серпін беріп, валюталық түсімдердің артуына ықпал етеді, сондай-ақ өңірлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасайды.

«Қазақстан үшін туризмді мемлекеттік қолдау айрықша маңызды. Өйткені көптеген өңірлерде туристік инфрақұрылым әлі де қалыптасу кезеңінде болғанымен, еліміздің табиғи, мәдени және тарихи әлеуеті өте жоғары», — деді Анна Лукина.

Бүгінде туризм логистика, өңдеу өнеркәсібі және цифрлық технологиялармен қатар экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылуда. Саланы дамыту Түркістан, Щучье-Бурабай курорттық аймағы, Маңғыстау туристік аймағы және Алакөл сияқты туристік орталықтар төңірегінде жаңа экономикалық өсім нүктелерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Спикер «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы инвесторларға ұсынылатын қаржылық қолдау құралдары туралы баяндады. Қазақстанның Даму Банкі құны кемінде 7 млрд теңге болатын жобаларға 20 жылға дейінгі мерзімге орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. 2025 жылдан бастап холдинг аясында инвестициялық жобаларды қаржыландыру түпкі қарыз алушылар үшін теңгемен жылдық 12,6% мөлшеріндегі бірыңғай сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүзеге асырылуда.

Өнеркәсіпті дамыту қоры инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде туристік инфрақұрылым нысандарын салу мен шағын авиация әуе кемелерін сатып алуды қолдайды. Ал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын, орта және ірі бизнеске кепілдік беру құралдарын ұсынады: құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар бойынша кепілдік қаржыландыру сомасының 85%-ына дейін жетсе, ірі жобалар үшін бұл көрсеткіш 30%-ға дейін, мерзімі 20 жылға дейінгі кезеңге беріледі.

Ұлттық парктер аумағындағы глэмпингтер мен визит-орталықтарды қаржыландыру мәселесіне қатысты сұраққа жауап берген Анна Лукина:

«Біз мұндай жобаларды қарастыруға және оларды құрылымдауға дайынбыз. Егер кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болса, «Даму» қорының кепілдік беру құралдарын және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру тетіктерін пайдалануға болады. Бұл құралдар меншікті қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда да қаржыландыру тартуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті.

Сөз соңында Анна Лукина инвесторларға жыл бойы тұрақты сұранысқа ие жобаларға басымдық беруге кеңес берді. Оның айтуынша, мұндай нысандар маусымдық тәуекелдерге азырақ тәуелді болып, инвестицияның тезірек қайтарылуын қамтамасыз етеді. Перспективалы бағыттар қатарында үш-төрт жұлдызды қонақ үйлер мен апарт-қонақ үйлер, отбасылық ойын-сауық кешендері, аквапарктер, экокурорттар, глэмпингтер және тау шаңғысы инфрақұрылымы нысандары аталды.

«Бәйтерек» холдингі әрқашан ашық диалогқа дайын. Біз жобаларды қаржыландыру, құрылымдау, инвесторлар мен серіктестер тарту мәселелерінде жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз», — деп түйіндеді Анна Лукина.

Бүгінде «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарының қолдауымен жалпы құны 297 млрд теңгеден асатын ірі туристік жобалар іске асырылып жатыр.

Анықтама үшін:

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ – мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыратын даму институты. Холдинг Қазақстанның негізгі даму институттарын біріктіріп, кәсіпкерлікті қолдауға, инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, экспортты, өнеркәсіпті, тұрғын үй құрылысын және экономиканың басқа да басым бағыттарын дамытуға ықпал етеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар