Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

08.10.2026

«Бәйтерек» холдингі британдық бизнеске Қазақстандағы жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстырды

Кеңес ал!

08.10.2026

«Бәйтерек» холдингі британдық бизнеске Қазақстандағы жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі британдық бизнеске Қазақстандағы жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстырды

Астанада Қазақстан-Британ іскерлік кеңесінің бесінші отырысы өтті. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарушы директоры Айдын Ақан «Капитал нарықтары арқылы болашақ өсуді қаржыландыру» сессиясында сөз сөйлеп, бизнесті қолдау құралдары мен инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды.

Айдын Ақан экономиканың басым салаларына капитал тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу бойынша Холдингтің мүмкіндіктерін ұсынды.

«Холдинг тоғыз даму институтын біріктіреді. Бұл жобаларды дайындау мен қаржыландырудан бастап бірлесіп инвестициялауға және сыртқы нарықтарға шығуға дейінгі әртүрлі кезеңдерде сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Біз бизнеске қаржыландырудың бүкіл циклін қамтитын құралдар кешенін ұсынамыз. Соның арқасында ірі инвестициялық жобаларды да, шағын және орта кәсіпорындарды да қолдай аламыз», - деп атап өтті ол.

Сөз барысында өнеркәсіп пен инфрақұрылымды қаржыландыру тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Қазақстанның Даму Банкі ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды қолдайды, Өнеркәсіпті дамыту қоры лизингтік қаржыландыру ұсынады, Qazaqstan Investment Corporation компаниялардың капиталына қатысады, ал Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі кәсіпорындарға сыртқы нарықтарға шығуға көмектеседі.

Шетелдік серіктестермен өзара іс-қимыл перспективаларына тоқталған спикер Қазақстан аумағындағы жобаларға қатысудың ықтимал нысандарын атап өтті.

«Бәйтерек» холдингі халықаралық қаржы институттарымен, стратегиялық инвесторлармен және Қазақстанда жобаларды іске асыруға мүдделі компаниялармен серіктестік орнатуға ашық. Біз бірлесіп қаржыландыруды, бірлескен инвестицияларды, борыштық құралдарды, капиталға қатысуды, экспорттық қаржыландыру мен кепілдіктерді қоса алғанда, ынтымақтастықтың түрлі нысандарын қарастыруға дайынбыз», - деп атап өтті Айдын Ақан.

Британдық серіктестерге ұсынылған ынтымақтастық бағыттары Қазақстанда өңдеу саласын дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және өнеркәсіптік базаны нығайтуға бағытталған. Холдинг құралдары осындай жобаларды іске асыру және шикізаттық емес экспортты кеңейту үшін халықаралық капиталды отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен ұштастыруға жол ашады.



Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар