Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

23.12.2025

«Бәйтерек» холдингі бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шараларды күшейтуде

Кеңес ал!

23.12.2025

«Бәйтерек» холдингі бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шараларды күшейтуде

«Бәйтерек» холдингі бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шараларды күшейтуде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің микро және шағын бизнесті қолдау шараларына арналған отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің, ҚР қаржы министрі Мәди Такиевтің және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшиннің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында Рустам Қарагойшин Холдинг тарапынан микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған қаржы құралдары, сондай-ақ инвестициялық белсенділікті ынталандыру және кәсіпкерлердің қарыздық қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Қолданыстағы қолдау моделінің негізгі элементі ретінде «Бәйтерек» холдингінің екі кепілдік қоры белгіленді. Қазіргі уақытта аталған тетік кәсіпкерлер үшін 430 млрд теңгеден астам көлемде кредит қаражатын тартуға мүмкіндік берді.

«Қазіргі таңда бізде екі кепілдік қоры жұмыс істеп тұр. Оның алғашқысы шағын және орта бизнеске арналған. Бұл қордың басты ерекшелігі – оның негізгі капиталы екінші деңгейлі банктердің қаражаты есебінен қалыптастырылады, ал «Даму» қорының үлесі шамамен 25 пайызды құрайды. Мұндай тәсіл банктерді мемлекеттік қолдау құралдарын ілгерілетуге белсенді тартуға және бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді Рустам Қарагойшин.

Ол берілетін кепілдіктер экономикалық тұрғыдан мультипликативті әсер беретінін атап өтті.

«Мәселен, біз 200 млрд теңге көлемінде кепілдік берсек, дәл осы сома екінші деңгейлі банктер тарапынан кредит беруге негіз болады. Соның нәтижесінде бұрын кепілдік жеткіліксіздігіне байланысты қаржыландыруға қол жеткізе алмаған кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады», – деп түсіндірді Холдинг басшысы.

Екінші кепілдік қоры құны 7 млрд теңгеден асатын ірі инвестициялық жобаларды қолдауға бағытталған. Қазіргі таңда бұл құрал аясында жоғары дайындық сатысындағы өтінімдердің ауқымды портфелі қалыптастырылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 700 млрд теңгеге дейін кепілдіктер беру жоспарланып отыр, бұл экономиканың нақты секторындағы ірі жобаларды кредиттеуді едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай жобалар бойынша кепілдіктер олардың құнының 30 пайызына дейінін қамтып, инвесторлар үшін қаржылық жүктемені төмендетеді.

Баяндаманың жеке бір бөлігі елдің ұзақмерзімді инвестициялық қорын қалыптастыру мәселесіне арналды. Холдинг орталық мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірлесіп инвестициялық бастамаларды іріктеу, жүйелеу және қайталанатын жобаларды алып тастау бойынша кешенді жұмыс жүргізді.

Рустам Қарагойшиннің айтуынша, осы жұмыстың нәтижесінде жалпы құны шамамен 87 трлн теңгені құрайтын 1,5 мыңға жуық жобадан тұратын бірыңғай инвестициялық портфель қалыптастырылды.

«Бұл портфельді біз 2026-2032 жылдарға арналған елдің орта мерзімді базалық инвестициялық қоры ретінде қарастырамыз. Жобалардың шамамен 90 пайызы өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым саласына тиесілі. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен жобалары да елеулі үлеске ие», – деп атап өтті ол.

Шағын және орта бизнесті қолдау аясында Холдинг «Даму» қоры арқылы «Өрлеу» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Желтоқсан айының ортасына қарай бағдарлама аясында 505 млрд теңге сомасына 1 856 ШОБ жобасы қаржыландырылды. Ел бойынша 1 665 бірегей кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Бағдарламада мемлекеттік кепілдіктер маңызды рөл атқарып, кепілдік базасы шектеулі кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізуіне мүмкіндік беруде.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Өрлеу» бағдарламасы аясындағы жиынтық қаржыландыру көлемі шамамен 613 млрд теңге деңгейінде күтілуде. 2026 жылы бағдарлама жалғасын тауып, кеңейтіледі, бұл ретте қор қаражаты есебінен 200 млрд теңге көлемінде қаржыландыру көзделген.

Сөз соңында Рустам Қарагойшин «Бәйтерек» холдингі бизнестің қаржылық кедергілерін төмендету, кепілдендіру құралдарын кеңейту және экономиканың нақты секторын дамытуға әрі ұзақмерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған орнықты инвестициялық базаны қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар