Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

30.09.2026

«Бәйтерек» холдингі бавариялық серіктестерге өнеркәсіп пен технологияларға бірлесіп инвестиция салуды ұсынды

Кеңес ал!

30.09.2026

«Бәйтерек» холдингі бавариялық серіктестерге өнеркәсіп пен технологияларға бірлесіп инвестиция салуды ұсынды

«Бәйтерек» холдингі бавариялық серіктестерге өнеркәсіп пен технологияларға бірлесіп инвестиция салуды ұсынды

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында Мюнхендегі іскерлік бағдарламасын жалғастырды. Ол Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан-Бавария технологиялық форумында сөз сөйлеп, өнеркәсіптік және технологиялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстырды.

Форумда сөз сөйлеген Бавария Премьер-министрінің орынбасары, экономика, өңірлік даму және энергетика министрі Хуберт Айвангер Қазақстан мен Баварияның аграрлық саладағы ынтымақтастығының перспективаларын да атап өтті.

Рустам Карагойшин өз сөзінде инвесторларды қолдау құралдарын таныстырып, германдық серіктестерге бірлескен инвестициялық платформаларды дамытуды ұсынды.

«Бәйтерек» холдингі Қазақстандағы стратегиялық серіктесіңіз болуға дайын. Біз даму институттарымыздың мүмкіндіктерін германдық серіктестердің құралдарымен ұштастыра отырып, ұзақ мерзімді қаржыландыруды, лизингті, капиталға қатысуды және экспортты сақтандыруды ұсынамыз. Біз бірлесіп инвестиция салуға, жаңа технологияларды енгізу тәуекелдерін бөлісуге және инвесторларға алғашқы кездесуден бастап өндірісті іске қосқанға дейін қолдау көрсетуге дайынбыз. Ортақ міндетіміз – қол жеткізілген уағдаластықтарды Қазақстандағы жаңа зауыттарға, зертханаларға және жұмыс орындарына айналдыру», – деп атап өтті Рустам Карагойшин.

Берлин мен Мюнхенге үш күндік сапар қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры, жалпы сомасы 870 млн АҚШ долларын құрайтын 5 құжатқа қол қойды. Құжаттарда Германияның жетекші қаржы институттарымен және өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары айқындалды.

Атқарылған жұмыс нақты жобаларды қаржыландыруды, бірлескен инвестициялық қорлар құруды, технологиялар тартуды және тәжірибе алмасуды қамтыды. Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстанда жаңа өндірістерді іске қосуға, шикізатты терең өңдеуге, энергетиканы дамытуға және жұмыс орындарын құруға негіз қалайды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар