Кеңес ал!

16.10.2026

«Бәйтерек» холдингі Бангкоктағы халықаралық инвестициялық диалогқа қатысты

«Бәйтерек» холдингі Бангкоктағы халықаралық инвестициялық диалогқа қатысты

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Бангкокта өткен Дүниежүзілік банк тобы мен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы жиындары аясындағы іс-шараларға қатысты. Іскерлік бағдарлама экономикалық перспективалар мен капитал тарту мүмкіндіктерін талқылау үшін халықаралық қаржы ұйымдарының, банктер мен инвестициялық компаниялардың өкілдерін біріктірді.

Сапар аясында Тимур Онжанов Қазақстанның макроэкономикалық перспективаларына арналған J.P. Morgan, Citi және Jefferies инвестициялық дөңгелек үстелдеріне қатысты. Инвесторлар қаржы ресурстарын тарту, теңгемен берілетін қаражат бойынша пайыздық мөлшерлемелер, ұлттық валютаның нығаюы, өзге валюталар бағамының өзгеруі мен инфляцияның ықпалы, сондай-ақ реттеушінің квазимемлекеттік компаниялармен өзара іс-қимылы мәселелеріне назар аударды.

Сондай-ақ Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары J.P. Morgan инвестициялық банкінің, BlackRock активтерді басқарушы компаниясының, BBVA және Citi банктерінің, Fitch Ratings, Moody’s және S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктерінің өкілдерімен кездесулерге қатысты.

Бағдарламада Дүниежүзілік банктің дамушы нарықтардың инвестициялық мүмкіндіктерін ашу және жұмыс орындарын құру жөніндегі негізгі сессиясына, сондай-ақ Азияның азық-түлік секторына инвестиция салуға арналған Feeding Asia сессиясына ерекше көңіл бөлінді. Холдинг үшін бұл күн тәртібі басым салаларға, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге ұзақ мерзімді капитал тартумен байланысты.

Тимур Онжанов Швейцария бастаған елдер тобы мен Халықаралық валюта қорының отырысына да қатысты. Капиталдың трансшекаралық қозғалысы, сауда және өңірлік ынтымақтастық мәселелері Standard Chartered, Еуразиялық даму банкі ұйымдастырған іс-шараларда және Орталық Азия мен Таяу Шығыстың G20 күн тәртібіндегі рөліне арналған сессияда қарастырылды.

Мемлекет басшысының инвестиция тарту және жаңа инвестициялық циклді іске қосу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында «Бәйтерек» холдингі халықаралық қаржы институттарымен және инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуда. Бұл жұмыс қаржы тарту көздерін кеңейтіп, тұрақты қаржыландыру базасын қалыптастыруға бағытталған. Мұндай база Қазақстанның басым инвестициялық бағыттарын ұзақ мерзімді қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар