Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

26.09.2026

«Бәйтерек» Холдингі Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымына инвестиция тарту мәселелерін талқылады

Кеңес ал!

26.09.2026

«Бәйтерек» Холдингі Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымына инвестиция тарту мәселелерін талқылады

«Бәйтерек» Холдингі Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымына инвестиция тарту мәселелерін талқылады

«Бәйтерек» Холдингі Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен «Қазақстан - Қытай» инвестициялық форумына қатысты. Холдинг атынан Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов қатысып, «Цифрлық экономика және қаржы: болашақ инвестицияларының инфрақұрылымы» панельдік сессиясының модераторы болды.

Панельдік сессияның негізгі тақырыптары цифрлық инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тартудың қаржылық мүмкіндіктері болды. Сессияға осындай жобаларды дайындауға, қаржыландыруға және іске асыруға ықпал ететін технологиялық бизнес пен қаржы институттарының өкілдері жиналды.

«Біз үшін инвестициялардың Қазақстанға заманауи технологиялар, жаңа құзыреттер және отандық бизнес үшін мүмкіндіктер әкелуі маңызды. Цифрлық салада бұл, ең алдымен, бұлттық сервистерді, жасанды интеллектіні және басқа да технологиялық шешімдерді дамытуға негіз болатын инфрақұрылым. Біздің міндетіміз ел үшін экономикалық тиімділігі айқын, өміршең жобаларды дайындау мақсатында инвесторлардың, технологиялық серіктестер мен қаржы институттарының мүмкіндіктерін біріктіру», - деп атап өтті Тимур Онжанов.

Панельдік сессияға VNET Group вице-президенті Лю Сюэчао, Data Center Valley бизнесті дамыту жөніндегі директоры Ерлан Минавар, Silk Road Finance Corporation өкілі Ли Шань, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігінің инновациялар жөніндегі бас директоры, Басқарма мүшесі Талғат Аманбаев және Freedom Bank басқарушы директоры Вячеслав Ким қатысты.

Цифрлық инфрақұрылымды құру ұзақ мерзімді тәсілді талап етеді. Деректерді өңдеу орталықтарын іске қосу үшін сенімді энергиямен жабдықтау, телекоммуникациялық желілер, технологиялық сараптама және қаржыландыру қажет. Есептеу қуаттарын пайдаланатын компаниялар тарапынан сұраныстың болуы да маңызды. Қатысушылардың осындай құрамы бұл жұмыстың технологиялық және инвестициялық қырларын бір пікірталас аясында қарастыруға мүмкіндік берді.

Қытайдағы деректерді өңдеу орталықтарының жетекші тәуелсіз операторларының бірі VNET Group осындай инфрақұрылымды құру және пайдалану тәжірибесіне ие. Компания деректер орталықтарына, бұлттық инфрақұрылымға және есептеу қуаттарын орналастыруға маманданған. Бұл қуаттар кәсіпорындар мен азаматтар пайдаланатын цифрлық сервистер мен жасанды интеллект жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етеді.

Панельдік сессияның қаржы бағыты бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Жібек жолы бойындағы жобаларға бағдарланған Silk Road Finance Corporation инвестициялық компаниясы және қазақстандық Freedom Bank өкілдері қатысты. Қатысушылар қатарында Data Center Valley өкілі де болды. Мұндай құрам цифрлық инфрақұрылымды дамыту және оны құруға капитал тарту мәселелерін бір пікірталас аясында талқылауға мүмкіндік берді.

Форум аясында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен China Construction Bank Corporation Astana Branch арасындағы Даму Банкінің мақсаттары үшін, оның ішінде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін қаржыландырудың алдын ала шарттарын бекіту туралы келісімге қол қойды.

«Бәйтерек» Холдингі үшін инвесторлармен және технологиялық серіктестермен өзара іс-қимыл Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді капитал тарту міндетімен байланысты. Форум қытайлық бизнес өкілдерімен тікелей диалог орнатуға және цифрлық сектордағы ынтымақтастық бағыттарын талқылауға арналған алаң ұсынды.

Мұндай ынтымақтастықты дамыту қазақстандық компаниялардың заманауи есептеу ресурстарына қолжетімділігін кеңейтіп, білікті мамандарға сұраныс қалыптастырып, отандық әзірлеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар