11.12.2024

«Бәйтерек» холдингі: Қазақстан мен Катар арасындағы ынтымақтастық терең тарихи негізге ие

«Бәйтерек» холдингі: Қазақстан мен Катар арасындағы ынтымақтастық терең тарихи негізге ие

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Катардың астанасы Доха қаласында өткен екінші Қазақстан-Катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Бұл маңызды шара екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдеріне бірлескен жобаларды талқылап, экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстел аясында пленарлық және салалық секциялар өткізілді. Құрылыс, мұнай-газ саласы, IT және қаржы салаларын қамтыған секциялар барысында екі елдің мамандары инновациялық технологияларды енгізу, қаржылық тұрақтылықты нығайту және жаңа серіктестік мүмкіндіктерін дамыту туралы ой бөлісті.

Өз сөзінде Тимур Онжанов Қазақстан мен Катардың ортақ стратегиялық мүдделерге негізделген ұзақ жылдық достық қарым-қатынасын атап өтті. Ол Lesha Bank пен Bereke Bank арасындағы келісімді экономикалық әріптестіктің маңызды қадамы ретінде бағалап, бұл келісімнің екіжақты сенімді нығайтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеретінін айтты.

«Қазақстан мен Катар арасындағы ынтымақтастық – өзара құрмет пен инклюзивті даму идеясына негізделген. Lesha Bank пен Bereke Bank арасындағы келісім – қаржылық саладағы стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі. Біз экономикаларымыздың өсуіне және екіжақты байланыстарды нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларды әрі қарай қолдауға дайынбыз», – деді ол.

Шара барысында цифрландыру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және экспорттық әлеуетті дамыту мәселелері де қарастырылды. Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында өткен B2B кездесулері қазақстандық және катарлық серіктестерге жаңа іскерлік байланыстар орнатып, болашағы зор жобаларды талқылауға мүмкіндік берді.



Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар