17.08.2023

«Бәйтерек» холдингі Атырау облысымен серіктестікті нығайтады

«Бәйтерек» холдингі Атырау облысымен серіктестікті нығайтады

17 тамызда, Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев облыс әкімі Серік Жамбылұлы Шапкеновпен кездесті.

Жиында Атырау облысының даму келешегі, инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері және Холдингтің қолдау құралдары арқылы бірлескен жобаларды іске асыру жайы талқыланды. 

C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\2.JPG

Кездесу барысында Серік Шәпкенов облыстың даму үдерісіне «Бәйтерек» холдингі тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар аймақта қандай да бір жобаларды іске асыру үшін өндіріске қолайлы өңір екенін баса айтты.

- Бүгінгі жиында өзекті мәселелер көтеріліп, айтылатын ұсыныс-пікірлер оң шешімін табарына сенімдіміз. Атырау облысын дамытуға бағытталған жобаларды қолдауға әркез дайынбыз. Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде қазіргі заманға сай кәсіпкерлікті қаржылай және қаржылай емес қолдау, бизнес-климатты үнемі жақсарту – еліміздің ең маңызды стратегиялық мақсаттарының қатарында. Осы сәтті пайдаланып, өңіріміздің ахуалына көңіл аударып, арнайы келгеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Облыста холдингпен бірлесіп, ортақ істеліп жатқан игі істер де бар. Алдағы уақытта бірнеше жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Сол жұмыстарды абыройлы атқарарымызға сенемін,-деді Серік Шәпкенов.

Өз кезегінде Қанат Шарлапаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында Атырау облысының орны ерекше екенін, өңірдің дамуы холдингтің басты назарында екенін айтты.

C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\3.JPG

- Атырау облысындағы шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлеміз. Аймақтың дамуына одан әрі үлес қосу мақсатында бүгін арнайы жұмыс сапарымен келдік. Қазір барлық жауапты сала маманы бас қосып, көтерілген мәселелерге оң шешім қабылдаймыз. Мұнда талқыланған жобалардың бәрі менің жеке бақылауымда болады. Осы ретте, Атырауда агроөнеркәсіпті дамыту шараларын қолдауға қажетті қаржыны жергілікті атқарушы орган мен аграрлық несие корпорациясы бірлесе бөліп, ортақ жауапкершілік алу қажеттігін атап өткім келеді. Атырау облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жобалар әлі жалғасады, - деді Қанат Шарлапаев.

Айта кету керек, «Бәйтерек» холдингі «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық 2023-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына» сәйкес, қазіргі уақытта бизнесті дамытуға 900 млрд теңге, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларына 44 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Облыс әкімімен кездесуден кейін Холдинг басшылығы «Elorda Residence» тұрғын үй кешенінің құрылыс нысанына барды. Қазіргі уақытта «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ нысан құрылысын қайта бастау және тезірек аяқтау бағытындағы іс-шараларға белсенді кірісті. Құрылысты аяқтауға қажет қаражат жеткілікті. 9 қабатты тұрғын үйдің төрт бөлігінің төртінші бөлігі осы жылдың соңына дейін, ал екінші бөлігі 2024 жылдың 1-жартыжылдығының соңында аяқталады деп күтілуде.


C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\6.jpg

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, «Бәйтерек» холдингі тұрғын үй кешенінің құрылысына ерекше көңіл бөледі және үлескерлер мүддесі үшін әрі өңірді дамыту мақсатында оның сәтті аяқталуына қолдау көрсетпекші.  

C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\8.jpg


C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\9.jpg

Сапар аясында Холдинг төрағасы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Отбасы банк» АҚ өңірлік филиалдарына барды. Ол филиалдардың қызметімен, ағымдағы жобалармен, сондай-ақ олардың өңірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесімен танысты.

C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\10.jpg


C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\11.jpg


C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\12.jpg

Бұдан әрі делегация Холдингтің еншілес құрылымы Қазақстанның Даму Банкінің қолдауымен жаңғыртылған «АтырауНефтеМаш» зауытына барды. 

C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\13.jpg


C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\14.jpg

- Холдинг Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ерекше назар аударады. Атырау облысына да біздің басты назарда. Өздеріңіз білетіндей, облыс экономикасы негізінен мұнай мен газға тәуелді, бірақ «KPI» газ-химия кешенінің іске қосылуына байланысты біз полипропиленді түпкілікті өнімге (пластик, бал бұйымдары, қаптама) өңдеуге арналған жеке бағдарламаны жоспарлап отырмыз. Осылайша, осы зауыттың айналасында жақын арада шағын және орта кәсіпорындар пайда болады, - деп атап өтті Холдингтің басқарушы директоры Ержан Елекеев.

C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\15.jpg

Зауыт мұнай-химия, мұнай-газ, жылу энергетикасы, бұрғылау, ауа салқындату және кешенді техникалық жабдықтардың көп түрін шығарады. Айта кететіні, зауытта торлы төсем және ыстық мырыштау өндірісі бойынша бірегей цех жұмыс істейді, ол Қазақстанның батыс өңірін ғана емес, көрші елдердің нарықтарын да жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етеді. Цехтың өндірістік қуаты жылына 18 мың тоннаға дейін кез келген күрделіліктегі және конфигурациядағы өнімді мырыштауға мүмкіндік береді. 

C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\16.jpg


C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\17.jpg


C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\18.jpg

Жұмыс сапарының соңында Холдинг басшылығы Атырау қаласындағы «TransTech International» ЖШС-ға барды.

C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\19.jpg

2016 жылы іске қосылған «Дәулет-Нан» нан зауыты аймақтағы ең қуатты және заманауи өндіріс. Зауыттың өндірістік ауданы 5000 шаршы метрден асады және жетекші еуропалық брендтердің жоғары технологиялық нан пісіретін жабдықтарымен, соның ішінде автоматтандырылған «Рондо» желісінің және немістің Windmöller & Hölscher жабдықтарымен жарақталған.

C:\Users\n.kabdyl\Desktop\пресс-релизы\август 2023\Атырау\фотки\20.jpg

Зауыт 55-тен астам нан өнімдерін шығарады, осылайша ол нарықтағы негізгі ойыншылардың біріне айналып отыр.

Холдингтің Атырау облысына сапары өңірлік жобаларды дамытудың және экономиканың түрлі салаларын қолдаудың маңыздылығын көрсетті. «Бәйтерек» Қазақстанның өңірлерімен әріптестікті нығайтып келеді және елдің экономикалық тұрақты өсуіне ықпал етуін жалғастыруда.


Анықтама үшін: 2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен Аграрлық несие корпорациясының жалпы қаржыландыру жоспары 500 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде Атырау облысына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, 2,9 млрд. теңге сомасына кредиттер берілді (ҚАҚ-тан).

«Отбасы банк» АҚ-ның Атырау филиалы 2006 жылы құрылған. Атырау облысының халқы 698 мың адам, оның 88,6 мыңы «Отбасы банктің» салымшылары болып табылады. Филиал ашылғаннан бері 174 772 млн теңгеге 14 254 қарыз берілген.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар