12.06.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Холдингтің еншілес ұйымдар тобы жүзеге асыратын ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру аясында ішкі құндылықты дамыту және отандық бизнес өкілдерінің қатысуын кеңейту бағытында қолға алынған тетіктер туралы хабарлайды.
Аталған жобаларға интеграцияланудың маңызды құралдарының бірі – Қазақстандық тауар өндірушілердің ресми тізілімі. Бұл тізілімге енгізілу кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Холдинг жүйелі түрде қазақстандық тауарларды қолдануға қолдау көрсетіп, верификациядан өткен өндірушілер туралы мәліметтерді өзінің еншілес ұйымдарына жолдап отырады. Нәтижесінде Тізілімге енгізілген компаниялар Холдингтің назарында болады, ал олардың өнімдері инвестициялық жобалар пулдарын қалыптастыру кезінде басым тәртіппен қарастырылады.
«Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі ішкі құндылықты дамытудың және отандық бизнестің ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейтудің маңызды құралы. Біз қазақстандық өндірушілердің Холдингтің еншілес ұйымдар тобы қаржыландыратын жобаларға барынша кеңінен тартылуына мүдделіміз. Осы мақсатта верификациядан өткен өндірушілер туралы ақпарат еншілес ұйымдарға жүйелі түрде жеткізіліп отырады. Бұл инвестициялық бастамаларды пысықтау кезінде отандық бизнестің әлеуетін ескеруге мүмкіндік береді», – деді Холдингтің басқарушы директоры Рысхан Нугурбеков.
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болу бизнестің танымалдылығы мен көріну деңгейін арттырудың тиімді тетігі.
Осыған байланысты Холдинг отандық өндірушілерге Тізілімге уақтылы тіркеліп, өндірілетін өнім туралы мәліметтердің өзектілігін тұрақты түрде қамтамасыз етуді ұсынады.