Кеңес ал!

06.05.2025

«Бәйтерек» холдингі алғашқы еурооблигацияларын орналастырды

«Бәйтерек» холдингі алғашқы еурооблигацияларын орналастырды

2025 жылғы 29 сәуірде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі жалпы сомасы 500 миллион АҚШ долларын құрайтын алғашқы еурооблигацияларын орналастырды. Бағалы қағаздардың айналыс мерзімі – 3 жыл, ал купондық мөлшерлеме 5,45% деңгейінде белгіленді.

Жаңа шығарылымның басталғаны туралы 24 сәуірде жарияланып, одан кейін Холдинг АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азия елдерінің инвесторларына бағытталған маркетингтік кампания жүргізді.

«Ірі инвесторлардың айтарлықтай қызығушылығы – Холдингтің бағалы қағаздарына жергілікті және халықаралық нарық қатысушылары тарапынан жоғары сенім мен сұраныстың дәлелі. Нарықтағы құбылмалыққа қарамастан, біз қолайлы жағдайды тиімді пайдалана білдік. Шығарылым туралы жарияланған соң 30 инвестормен келіссөз жүргіздік. 29 сәуірде табыстылықтың бастапқы индикаторы 6% деңгейінде белгіленіп, тапсырыстар кітабы ашылды. Жоғары сұраныстың (1 миллиард АҚШ долларынан астам) нәтижесінде түпкілікті табыстылық 5,65% деңгейінде бекітілді», — деп атап өтті «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин.

Орналастырылған облигациялардың өңірлік бөлінісі мынадай: 56,1% — АҚШ инвесторларына, 18,2% — Еуропа, 11,1% — Ұлыбритания, 8% — Қазақстан, 6,6% — Таяу Шығыс және Азия елдеріне тиесілі.

Бұл шығарылым биылғы жылдың сәуір айының басында АҚШ енгізген сауда тарифтерінен кейін ТМД өңірі эмитенттері үшін алғашқысы болды және Қазақстан мен бүкіл ТМД өңіріндегі басқа эмитенттер үшін еурооблигациялар шығарудың жаңа кезеңіне жол ашты.

Аталған қадам Холдингке халықаралық капитал нарығындағы позициясын күшейтіп, валюта тәуекелдерін әртараптандыруға және стратегиялық маңызы бар жаңа жобаларды қаржыландыру үшін инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ел экономикасының тұрақты дамуына елеулі үлес қосады.

Айта кетейік, шығарылымның ұйымдастырушылары — Citi, J.P. Morgan және Halyk Finance. «Бәйтерек» еурооблигациялары Лондон қор биржасы (LSE), Вена қор биржасы (Wiener Börse AG) және Қазақстан қор биржасының (KASE) тізіміне енгізілді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар