12.10.2022

«Бәйтерек» холдингі аграрлық сектордағы Қазақстан-Нидерланды ынтымақтастығын дамыту жөніндегі пайымды ұсынды

«Бәйтерек» холдингі аграрлық сектордағы Қазақстан-Нидерланды ынтымақтастығын дамыту жөніндегі пайымды ұсынды

2022 жылғы 11 қазанда Астана қаласында Қазақстан-Нидерланды бизнес-форумы шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен іскерлік бастамалар бойынша Қазақстан мен Нидерланды Корольдігінің әріптестік қарым-қатынастарын дамыту перспективаларына арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Спикерлер ретінде дөңгелек үстелге ҚР Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі – Асқар Жұмағалиев,

Нидерландының Қазақстандағы Елшісі - Карстенс Андре,

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі – Жеңіс Өсербай,

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры - Нияз Көшкімбаев,

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы – Алмат Әшірбеков,

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы - Айдар Прашев,

Phillips Вице президенті - Схейгронд Ян,

Нидерланды Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы өкілі - Воссенар Фредерик және Қазақстан-Нидерланды саяси мекемесінің, бизнестің және инвестициялық ортаның басқа да негізгі өкілдері қатысты.

Рисунок4.jpg

Өз баяндамасында «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы директоры - Нияз Көшкімбаев Қазақстанның аграрлық секторын қолдау шаралары туралы айтып, Қазақстан-Нидерланды ынтымақтастығын дамыту жөніндегі пайымды ұсынды.

«Аграрлық сектордың «Бәйтерек» холдингі үшін маңызы зор. Жаңа технологияларды енгізе отырып, еңбек өнімділігін арттыру және кейіннен экспорттай отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі мақсаттар болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені инвестиция салу үшін, оның ішінде Нидерланд инвесторлары үшін ең тартымды секторлардың бірі болып табылады», - деді Нияз Көшкімбаев.

Рисунок5.jpg

Ол сондай-ақ Қазақстанның АӨК секторының инвестициялар үшін тартымдылығына әсер ететін негізгі факторлар бай жер ресурстары, Нидерландтық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің Қытай, ЕАЭО және Парсы шығанағы елдерінің қарқынды дамып келе жатқан нарықтарына шығу мүмкіндігі бар тиімді географиялық орналасу болып табылатынын атап өтті.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар