19.12.2024
- Холдинг туралы
29 қыркүйекте Сингапур Республикасынан делегацияның Қазақстанға сапары шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы «Surbana Jurong Group» сингапурлық компаниясының басшыларымен «G4 City» қала құрылысы жобасын іске асырудағы әлеуетті ынтымақтастыққа қатысты кездесу өткізді.
Кездесуге Холдинг тарапынан Басқарма төрағасы Айдар Арифханов, Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев, Басқарушы директор, Басқарма мүшесі Тимур Жанке, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары: Қазақстанның Даму Банкі - Абай Сарқұлов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры - Гаухар Бөрібаева, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы - Рустам Исаев; Сингапур тарапынан - Вонг ХИН ФАЙН («SJ Group» СЕО), Тан Чуй ЧИН НИНА («SJ CityGlobal» СЕО), Лю ХОНГВЕЙ, «SJ Cityglobal» директоры және басқалар қатысты.
Айдар Әріпханов сингапурлық әріптестеріне Холдингтің ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған еншілес компанияларының қызметі туралы айтып берді.
- Холдинг пен оның еншілес компанияларының қызметі ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін инвестициялық жобаларды, оның ішінде шетел қатысатын жобаларды қолдауға бағытталған, - деп атап өтті Холдинг басшысы.
Өз кезегінде «SJ Group» СЕО Вонг Хин Файн ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «G4 City» жобасын ұсынды. Оның айтуынша, болашақта «G4 City» ақылды қалаға айналуы тиіс, ол «Алматы-Қапшағай» автомагистралінің бойында орналасқан төрт тақырыптық ауданнан тұрады. Бұл магистраль «G4 City» жобасын Батыс Қытаймен байланыстыратын және «Бір белдеу-бір жол» бағдарламасының стратегиялық артықшылықтарын пайдаланатын маңызды көлік дәліздерінің бірі болып табылады. Ал «SJG» компаниясы «G4 City» бас жоспарының заманауи, құрылымдалған тұжырымдамасын әзірлеу үшін стратегиялық серіктес ретінде тартылды.
- Біз жоба қуатты драйвер болады және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, құрылыс және басқа да экономика секторларында Қазақстан экономикасының одан әрі серпінді дамуына серпін береді деп санаймыз. 2050 жылға қарай «G4 City» миллионнан астам жаңа жұмыс орындарын құрып, 2,1 миллион тұрғынның үйіне айналады», - деді Вонг Хин Файн.
Тараптар Қазақстан Үкіметі Мастер жоспарды бекіткеннен кейін ынтымақтастық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылап, осы жоба шеңберіндегі жұмыстың өзара тиімді бағыттарын айқындауды шешті.
Surbana Jurong Private Limited - сингапурлық мемлекеттік компания (Temasek Holdings мүшесі - Азиядағы Сингапур Республикасына тиесілі ірі инвестициялық компания), сондай-ақ инфрақұрылым және қала құрылысы саласында толық өмірлік циклі бар қалаларды шебер жоспарлау мен дамытуда үлкен тәжірибесі бар компания. Компанияның Сингапурды, Шанхайдың батысындағы Сучжоу қаласын және Вьетнам астанасының шығысындағы Хайфон елді мекенінің бір бөлігін салу тәжірибесі бар.