01.08.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Директорлар кеңесі 2024 жылға арналған Жылдық есеп пен Тұрақты даму жөніндегі есепті бекітті. Бұл құжаттар ESG-ақпаратты ашу бөлігінде ашықтық пен айқындықты арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Есептер алғаш рет тұрақты есептіліктің жаңа халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді — IFRS S1 «Тұрақты даму жөніндегі қаржылық ақпаратты ашуға қойылатын жалпы талаптар» және IFRS S2 «Климатқа қатысты ақпаратты ашу», сондай-ақ Тұрақты даму жөніндегі есептілік стандарттары жөніндегі кеңестің (SASB) салалық стандартына сәйкес. Есептерге IFRS S1 және S2 стандарттарын стратегиялық және корпоративтік басқару, ESG-тәуекелдерді басқару жүйесіне интеграциялау бойынша арнайы бөлімдер енгізілді. Сонымен қатар, Жаһандық есептілік бастамасының (GRI Standards) стандарттарына сәйкес ақпарат ашу көлемі кеңейтіліп, жаңа GRI көрсеткіштері қосылды.
Құжаттар сондай-ақ Холдингтің Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптарына және Қазақстан қор биржасының (KASE) қағидаларына сәйкес дайындалды.
Есептерде экологиялық аспектілерге ерекше назар аударылған. Алғаш рет парниктік газдар шығарындыларының барлық үш санаты (Scope 1, 2 және 3) бойынша деректер жарияланып отыр — бұл деректер Холдинг деңгейінде де, еншілес ұйымдар деңгейінде де қамтылған. Сондай-ақ шығарындылардың қарқындылығы, еншілес ұйымдар портфельдеріндегі «жасыл» жобалардың үлесі мен оларды іріктеу критерийлері туралы мәліметтер берілген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Холдингтің жалпы парниктік газдар шығарындылары 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 1,5 есеге азайды. Атап айтқанда, тікелей шығарындылар (Scope 1) 2,6%-ға, жанама энергетикалық шығарындылар (Scope 2) 33,4%-ға, ал жанама бейэнергетикалық шығарындылар (Scope 3) 11,2%-ға төмендеді.
Холдинг тұрақты даму мен жауапты қаржыландыру тәжірибесін үздік халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сүйене отырып белсенді түрде жалғастырып келеді.