Кеңес ал!

13.02.2026

«Бәйтерек» ҰИҚ» АҚ басшылығы Холдингтің Қоғамдық кеңесімен даму бағыттарын талқылады

«Бәйтерек» ҰИҚ» АҚ басшылығы Холдингтің Қоғамдық кеңесімен даму бағыттарын талқылады

13 ақпанда «Бәйтерек» ҰИҚ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшиннің қатысуымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2025 жылғы қызмет қорытындылары талқыланып, Холдингті ұлттық инвестициялық холдингке трансформациялау аясындағы алдағы кезеңнің негізгі жоспарлары қаралды.

Басқарма төрағасы Қоғамдық кеңестің кәсіпкерлікті дамытуға, бизнесті қолдауға және инвестициялар тартуға бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыру барысында қоғамдық бақылау мен сараптамалық қолдауды қамтамасыз ететін маңызды алаң екенін атап өтті.

«Қоғамдық кеңес Холдинг қызметінің ашықтығын арттыруда және қоғаммен сындарлы кері байланыс қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Кеңес мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау қоғамның сұраныстарын ескеріп, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Біз ашық жұмыс форматын және экономиканы дамыту мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жүйелі диалогты жалғастыруға мүдделіміз», – деді Рустам Қарагойшин.

Қоғамдық кеңес мүшелері Холдинг қызметін одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді. Қоғамдық кеңестің төрағасы Қазыбек Шайх Кеңестің ұсынымдар әзірлеуге белсенді қатысуға дайын екенін жеткізіп, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен айқындығының маңызын атап өтті.

«Кеңес Холдинг қызметіне белсенді қатысуды жалғастырады. Холдингтің ашық өзара іс-қимылға және айқын жұмыс қағидаттарына ұмтылысын оң бағалаймыз. Негізгі мәселелерді қарау барысында қоғам пікірінің ескерілуі біз үшін маңызды. Ынтымақтастық пен ашық талқылауды одан әрі дамытуға қолдау білдіреміз», – деді Қазыбек Шайх.

Отырыс аясында Қоғамдық кеңестің жұмысына белсенді қатысқан мүшелер марапатталып, Кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар