28.12.2024
«Бәйтерек» Донор күнін өткізді
27 желтоқсанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да «Донор күні» өтті. Холдинг және оның еншілес компанияларынан 90-нан астам қызметкер акцияға қатысты. Барлық қажетті медициналық тексеруден өткеннен кейін 61 қызметкер донор болды.
Жиналған қан алдымен Ақтаудағы әуе апатынан зардап шеккендерге көмек ретінде бағытталады, қалған бөлігі медициналық мекемелердің қажеттіліктеріне жұмсалады.
«Бәйтерек» холдингі донорлық акцияға қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс білдіреді.
Қосымша жаңалықтар