19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Openspace венчурлық фирмасының өкілдерімен кездесу өткізді. Оның барысында тараптар энергетикалық көшу, климаттың өзгеруі, деректерді өңдеу және цифрлық ауыл шаруашылығы (agritech) сияқты салаларға қызығушылық білдіре отырып, венчурлік инвестиция шеңберіндегі ынтымақтастық келешегін талқылады.
Openspace тарапынан компанияның серіктестері мен негізін қалаушылар Шейн Чессон (Shane Chesson) мен Хиан Го (Hian Go) қатысты. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Жолат және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарушы директоры Нұржан Қадіркей қатысты.
«Біз Openspace-тің венчурлық инвестициядағы тәжірибесі мен инновациялық ұстанымын ескеріп, олармен серіктестіктің келешегі зор екенін көріп отырмыз. Таза энергияға көшу және ауыл шаруашылығын цифрландыру сияқты стратегиялық маңызды салалардағы бірлескен күш-жігер елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, тұрақты дамуға елеулі үлес қосуға ықпал етеді», - деп атап өтті Тимур Онжанов.
Openspace – Сингапур мен Джакартада кеңселері бар Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған венчурлық фирма. Компания тұтыну технологияларына, денсаулық сақтауға, қаржыға, корпоративтік технологиялар мен озық технологияларға баса назар аудара отырып, әртүрлі секторлардағы технологиялық компанияларға бастапқы және даму сатыларында инвестиция құяды. Openspace B2C әрі B2B сегменттерінде белсенді жұмыс істейді