Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

23.10.2024

«Бәйтерек» холдингі мен Raiffeisen Waren GmbH Қазақстанда ауыл шаруашылық техникасын құрастыру өндірісін дамыту перспективаларын талқылады

04.07.2024

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қытай қаржы институттарымен 1,5 млрд АҚШ долларынан астам сомаға стратегиялық келісімдерге қол қойды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қытай қаржы институттарымен 1,5 млрд АҚШ долларынан астам сомаға стратегиялық келісімдерге қол қойды

     2024 жылғы 2 шілдеде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі және «жасыл» энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын тарту бойынша жетекші қытай қаржы институттарымен бірқатар келісімдерге қол қойды.

     Осы келісімдерге қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ел экономикасының негізгі секторларын тұрақты дамыту мен жаңғыртуды қолдауға бағытталған.

IMG_5548.JPG

     Қол қойылған құжаттардың бірі China Construction Bank-пен ынтымақтастық туралы меморандум болды, ол 700 млн АҚШ доллары сомасындағы жобаларды қаржыландыруды көздейді. Сондай-ақ China Нuadian Overseas Investment Co., Ltd. компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл өзара қызығушылық тудыратын салалардағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндігін анықтайды. Холдинг атынан құжаттарға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин қол қойды.

IMG_5547.JPG

     Бұдан басқа, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Қытайдың жетекші қаржы институттарымен келісімдерге қол қойды, олардың арасында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Қытайдың құрылыс банкінің Астанадағы филиалымен (China Construction Bank) 500 млн АҚШ доллары сомасына стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен (China Development Bank) жалпы ұзындығы 5 мың километрден асатын республикалық маңызы бар автожолдарды қалпына келтіруге бағытталған 250 млн АҚШ доллары және 2 млрд Қытай юані сомасына негіздемелік келісімге қол қойылды.

     Сондай-ақ, Ақмола облысында жалпы қуаты 220 МВт жел паркін салу жобасы бойынша ҚДБ, China Power International Holding және «Алматы қаласындағы Қытайдың Сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ арасында ниет туралы келісімге қол қойылды. Бұл инвестициялық жоба өңірді экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз етуге және атмосфераға зиянды шығарындылар санын азайтуға мүмкіндік беретін бес жел электр станциясының құрылысын қамтиды. Жоба Қазақстанның 2060 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін елдің жалпы энергия теңгерімінің 80% на дейін жеткізу жоспарларына сәйкес келеді.

IMG_5549.JPG

     Тағы бір маңызды құжат ҚДБ, «Shijixianghe Asia Pte. Ltd» компаниясы және «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС арасындағығы ынтымақтастық туралы меморандум болды, ол қуаттылығы жылына 1 млн тонна бидайды терең кешенді өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды көздейді. Жоба халықаралық нарықтарға экспорттау мүмкіндігімен жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіруге бағытталған.

     Құжаттарға қол қою ағымдағы жылы Қазақстан төрағалық етуші ел болып табылатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті қарсаңында өткізіліп отырған Астанадағы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің аясында өтті.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар