02.03.2023

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Францияға сапары: Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК саласындағы ынтымақтастықтың келешегі

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Францияға сапары: Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК саласындағы ынтымақтастықтың келешегі
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация құрамында Францияға сапары аясында халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне (SIA) қатысты. 
Salon International de l'Agriculture – бұл аграрлық Францияның көрнекті келбеті. Осы көрмеде АӨК-тің барлық салалары қамтылып, жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен 700 мыңға жуық адам келеді. SIА алаңында заманауи агротехнологиялар мен жоғары өнімді ірі қара мал көрсетіліп қана қоймай, сондай-ақ ауыл шаруашылығы секторындағы жетекші мамандар өзара тәжірибе алмасады.
ЅІА-2023 алаңдарында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов француз әріптестерімен және ірі еуропалық компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, қатысты. 

photo1677761702 (1).jpeg


Кездесулер барысында Холдингтің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары екі елдің аграрлық саласындағы екіжақты әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Нұрболат Айдапкелов Қазақстан тарабы АӨК саласындағы жобаларды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. 

Сонымен қатар, сапар аясында Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК саласындағы ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген Нұрболат Айдапкелов франциялық әріптестеріне экономиканың басым секторларын, оның ішінде аграрлық кластерді «Бәйтерек» холдингінің қолдауы, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, француз инвесторларын Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция салуға шақырды. 

- Қазақстан-Франция компаниялары арасындағы АӨК саласындағы көп жылдық ынтымақтастықты ескере отырып, біз әрі қарай да екіжақты іскерлік қатынастарды дамытуға ниеттіміз және қолданыстағы кредит бағдарламалары шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды қаржыландыру бойынша нақты ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз әрі бірлескен іскерлік бастамалар бойынша әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделіміз, - деп атап өтті Нұрболат Айдапкелов.

Бұдан басқа, Холдингтің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары бірқатар ірі еуропалық компаниялардың, соның ішінде Францияның Medef әлеміндегі бизнес өкілдігінің, Францияның қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары федерациясының (FICT), ірі қара мен ешкі генетикасы саласындағы еуропалық көшбасшы Synetics, сондай-ақ халықаралық сүт концерні Lactalis басшыларымен кездесті.

photo1677761702 (2).jpeg


photo1677761702 (3).jpeg


Айта кетейік, Франция Қазақстан экономикасындағы ірі инвестор және саудадағы негізгі серіктес болып әлі де қала береді. Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 2022 жылы 64,1 млн долларын құрады, 2021 жылмен салыстырғанда өсім 17,4%.



Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар