Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

25.09.2024 18:57:00

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктерінің бірінші саммитіне қатысты

19.09.2024

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі ынтымақтастық келешегін талқылады

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі ынтымақтастық келешегін талқылады

19 қыркүйекте «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді.

АИИБ тарапынан кездесуге вице-президент Константин Лимитовский, аға кеңесші Хонг Вей, клиенттермен жұмыс жөніндегі маман Джиа Чао, инвестициялық маман Серік Нұржан және аймақтық үйлестіруші Алексей Шевченко қатысты. «Бәйтерек» холдингі атынан талқылауға Басқарма төрағасының орынбасарлары Тимур Онжанов пен Жандос Шайхы, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Басқарма төрағасы Марат Елибаев, Жобалармен жұмыс департаментінің директоры Алмас Ағыбаев және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Айжан Қосман қатысты.

два.png

Кездесудің басты тақырыбы Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру шеңберінде Холдинг пен АИИБ арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болды. Қазақстан Үкіметі бекіткен Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар (ҰИЖ) шеңберінде жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Бұл жоспар 2024-2029 жылдарға арналған және энергетика, көлік, цифрлық технологиялар, сумен жабдықтау және су тарту сияқты салаларда тұрақты инфрақұрылымдық негіз құруға бағытталған.

АИИБ тәуелсіз экологиялық сараптаманы талап ететін «жасыл» жобаларға ерекше көңіл бөлді. ҚДБ осындай бірқатар жобаларды АИИБ қарауына ұсынды. 2024 жылдың қазан айында Мандаттық хатқа қол қойылмақшы, содан кейін сараптамалық тексеру жүргізілетін болады.

три.png

«Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен ынтымақтастық негізгі инфрақұрылымдық жобаларды, әсіресе тұрақты даму саласындағы жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз жоғары экологиялық жауапкершілікті талап ететін және біздің басымдықтарымызға сәйкес келетін «жасыл» жобаларға ерекше көңіл бөлеміз. Бұл диалог ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестіктің негізі болатынына сенімдімін», - деп атап өтті Рустам Карагойшин.

Айта кететіні, Холдинг пен АИИБ арасындағы өзара қарым-қатынас 2023 жылы Astana Finance Days конференциясы аясында басталды, онда жасыл күн тәртібі және тұрақты инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланған. Содан бері тараптар белсенді диалогты жалғастырып келеді, бұл тұрақты және жасыл экономика саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

четыре.png

Анықтамалық ақпарат

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) – ҚХР бастамасымен 2014 жылы құрылған халықаралық қаржы ұйымы. Банктің негізгі мақсаты – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қаржылық ынтымақтастықты ынталандыру және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту. Банк құрылғаннан бері 33 елде жалпы сомасы 36 миллиард АҚШ долларын құрайтын 191 жобаны қаржыландырды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – ҚР Үкіметінің стратегиялық бастамаларын іске асыруға және экономиканы қолдауға бағытталған Қазақстанның жетекші даму институты. Холдинг инфрақұрылым, энергетика және цифрлық экономиканы қоса алғанда, әртүрлі секторлардағы жобаларға белсенді қолдау көрсетеді.

пять.png

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар