Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

04.10.2023

"Бәйтерек" холдингі жыл басынан бері өңдеуші өнеркәсіптің 30-дан астам жобасын қаржыландырды

13.05.2023

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылары көктемдік дала жұмыстарын жүргізу ағымымен танысты

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылары көктемдік дала жұмыстарын жүргізу ағымымен танысты

13 мамыр «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылары жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

Сапардың мақсаты көктемдік дала жұмыстарын жүргізу ағымымен танысу және борышкерлердің несиелік қаражатты пайдалану тиімділігін бағалау болды.

Кездесулер барысында делегация компанияның басшылығымен және фермерлік шаруашылықтардың өкілдерімен талқылаулар жүргізді, сондай-ақ ауыл шаруашылығында пайдаланылатын технологияларды қарады.

2011 жылы негізі қаланған және дәнді дақылдар өсірумен айналысатын «Ақбулак-Агро» ЖШС олардың өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік берген, өздерінің соңғы пайдалануға алынған - 4 трактор, 3 комбайн және басқа жабдықдарын назарға ұсынды.

2012 жылдан бастап дәнді және бұршақты дақылдар, сондай-ақ картоп өсірумен айналысатын «Еңбек-1» ЖШС де өзінің жетістіктерін көрсетті. Компания 6000 тонна сыйатын көкөніс сақтау қоймасын тұрғызды және делегация барған кезде оның 9 тракторы, 2 комбайны және басқа да техникасы болды.

«Біздің борышкерлер өзінің бизнестерін ұтымды дамытып және өздері жұмыс жасап жұрген аумақтың экономикалық климатын жақсартып жүргендерін көргенімізге өте қуаныштымыз. Осындай сапарлар мен кездесулер бізге борышкерлердің қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге және аграрлық саланың көшбасшыларымен тікелей байланысуға мүмкіндік береді. Біздің ауылшаруашылық саласының ұзақ әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін біз осы байланысты нығайтуды жалғастыруға және бірге жұмыс істеуге үміттенеміз.» - деді Қанат Шарлапаев.

Екі компания да несиелік қаражатты ұтымды пайдаланғандары және жоспарланған мақсаттарды уақытылы орындағандары үшін жоғарғы баға алды.

Компанияның өкілдері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроФинанс» АҚ көрсетілген қолдау мен әріптестік үшін алғыстарын білдірді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроФинанс» АҚ әріптестіктің және ортақ мақсаттарға жетудің өзара қолдаудың маңыздылығын ерекше көңіл бөле отырып, Қазақстанның ауыл шаруашылық және аграрлық кешенін қолдау және дамыту жұмыстарын жалғастырады.

photo_2023-05-14 11.01.13.jpeg

photo_2023-05-14 11.01.15.jpeg

photo_2023-05-14 11.01.17.jpeg

photo_2023-05-14 11.01.19.jpeg

photo_2023-05-14 11.01.20.jpeg

photo_2023-05-14 11.01.22.jpeg


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар