03.03.2023

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы QIC ұжымымен кездесті

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы QIC ұжымымен кездесті
 3 наурызда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ ұжымымен кездесті. 

 Кездесу барысында QIC Басқарма төрағасы Айнұр Қуатова негізгі қызмет нәтижелерімен және ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. 

 «QIC 17 қордың қатысушысы болып табылады, олардың жиынтық инвестициясы 2,4 млрд АҚШ долларын құрайды. QIC портфеліндегі ең үлкен үлес көлік және логистика секторында – 40%, АӨК – 23%, энергетика – 15%. Қоғамның портфелінде 60 жоба бар, оның ішінде Қазақстандағы жобалардың үлесі – 96%. Барлық инвестициялардың 100%-ы Қазақстанның шикізаттық емес секторына тиесілі, бұл ретте әрбір салынған 1 долларға QIC халықаралық әріптестерден 2,1 доллар қаражат тартады. 

 QIC 2022 жылы UN PRI (UN-supported Principles 
for Responsible Investment) қауымдастығына кіріп, ТМД-дағы ESG-стандарттарын өз қызметіне енгізу тұжырымдамасын ұстанатын институционалдық инвесторлардың жетекші халықаралық желісіне қосылған алғашқы квазимемлекеттік қаржы институты болды», - деп атап өтті Айнұр Қуатова. 

 Қоғамның 2023 жылға арналған жоспары – ірі халықаралық инвесторлармен жаңа портфельдік қорлар құру және QIC кэптивті қорлары арқылы өңдеу секторындағы жобаларды қаржыландыру. 
Қанат Шарлапаев аталған бастамаларды қолдап, Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастырудағы QIC рөлінің маңыздылығын атап өтті.

2 (7).JPG


3 (6).JPG


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар