20.03.2023

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ұжымымен кездесті

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ұжымымен кездесті
17 наурызда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ топ-менеджментімен және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу шеңберінде Қордың өткен жылғы жұмысының қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлары талқыланды.
Өнеркәсіпті дамыту қоры өткен жылы жоғары нәтижелер көрсетті: 527 млрд теңге сомасына инвестициялар тартылды, 50 млрд теңге сомасына капиталдандыру жүргізілді, 200-ден астам лизингтік мәмілелер қаржыландырылды. Бұл жетістіктер 698 бірлік автобус, 327 бірлік санитарлық көлік, 234 бірлік ауылшаруашылық техникасы, 90 бірлік жедел қызмет көлігі және 85 бірлік арнайы мақсаттағы көлік беруге мүмкіндік берді. 
Бұдан басқа, шағын, орта және ірі бизнеске арналған өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламалары, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі және жеңілдікті автокредит беру бағдарламалары іске қосылды.
Өз кезегінде Қанат Шарлапаев жобаларды қаржыландыру кезінде жеделдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ішкі бизнес-процестерді жетілдіру және автоматтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
«Шынында да, бізге өзгертулер керек. Егер біз осы қалыпта отыра берсек, онда проблемалар қайта-қайта қайталана береді. Біз ешкімге түбегейлі көмектеспедік. Жеті жүз автомобиль – бұл біздің еліміз үшін өте аз. Біздің міндетіміз - нені өзгерту керектігін мүмкіндігінше тез ұғыну, оны аудиторияға қалай түсіндіруге болатынын білу, содан кейін ғана оны қалай жүзеге асыру керектігі туралы ойлау. Бірақ қазір бұл бір лотереяға ұқсайды. Кімде-кім батырманы тезірек басса, сол ұтады. 
Әрине, бұл дұрыс емес және наразылық тудырарлық жай. Мен лотерея идеясын қолдамаймын. Мен мұқтаж адамдарға көмектесу қажет деп ойлаймын. Мүгедек балалары бар отбасылар мен көп балалы отбасылар үшін көлік күнделікті тұрмысына аса қажет. Сондықтан, лотерея ұйымдастырмай, соларды бірінші кезекте қарастыруымыз керек шығар? Түсінемін, лотерея - бұл халықтың наразылығын жою үшін қолданылған әдіс. Ол проблеманы шешпеді», - деп қорытындылады Холдинг басшысы.
Кездесу қорытындысы бойынша Қордың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сұрақтар қойып, оларға Қанат Шарлапаев жауап беріп, елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мен қолдауда одан әрі жемісті жұмыс тіледі.

photo1679311469 (1).jpeg


photo1679311470.jpeg


photo1679311470 (1).jpeg


photo1679311470 (2).jpeg


photo1679311470 (3).jpeg


photo1679311470 (4).jpeg


photo1679311470 (5).jpeg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар