19.11.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов нарықтық қатынастар жөніндегі вице-президент Бхаргав Дасгупта басқарып келген Азия даму банкінің делегациясымен кездесу өткізді.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына «Отбасы банк» арқылы жасыл және инклюзивті тұрғын үйді қаржыландыруға жәрдемдесу, әйелдерге арналған ипотекалық қаржыландыруды кеңейту және Қазақстандағы тұрақты құрылысты қолдау жатады. Бұл өңірлік инновациялық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда тікелей инвестициялардың жасыл қорын құру, сондай-ақ жасыл инфрақұрылым активтерін басқару үшін ESG-жол картасын енгізу арқылы іске асырылатын болады.
Тимур Онжанов Азия даму банкімен әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жобалар Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды дамытуда және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруда маңызды рөл атқаратынын айтты.
«Біз үшін бұл жай ғана ынтымақтастық емес, еліміздің отбасыларын қолдайтын ірі жобаларды іске қосуға және тұрақты қаржыландыру әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін стратегиялық әріптестік. Біздің «Ұмай» әйелдер ипотекасы сияқты бастамаларымыз Азия даму банкі тарапынан қолдау тауып, мыңдаған азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға септігін тигізетініне қуаныштымыз», - деп атап өтті Онжанов.
Тараптар әрі қарай тұрақты және инклюзивті даму саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растап, бірлескен жобалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының басымдықтарына сәйкес келетінін және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.