14.06.2024

«Бәйтерек» ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға 5%-бен 100 млрд теңгеге қаржыландырады

«Бәйтерек» ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға 5%-бен 100 млрд теңгеге қаржыландырады

     «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ агроөнеркәсіп кешені субъектелерін қолдау мақсатында жеңілдетілген техника лизингі үшін 100 млрд теңге көлемінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жаңа бағдарламаны іске қосады деп хабарлайды Холдингтің баспасөз қызметі.

     Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін жеңілдікті лизингімен елімізде өндіріліп/құрастырылған отандық ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК субъектілері үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жаңа бағдарламаны іске қосты.

     «Біздің алдымызда мемлекет басшысы қойған міндет бар – ол ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қарқынын жыл сайын 10% жеткізу. Осы тапсырманы орындау мақсатында Үкімет аграрияларға ең төмен пайызда ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін қаржы бөлді. Мемлекеттік қолдау «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі арқылы жүзеге асырылады. Бұл шағын және орта өнеркәсіп иелеріне ауылшаруашылық парктерін жаңарту үшін үлкен мүмкіндік. Себебі қаржыландырудың жеңілдетілген құралдары дәл осылар үшін бағытталған. Жеңілдетілген бағдарламалар аясында өз еліміздегі отандық техника өндірушілердің тауарларының сатылуын ынталандыруға қолдау көрсету болып табылады»,-деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Төрағасы Рүстем Қарағойшин.

     Жеңілдетілген лизинг агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жылдық 5% мөлшерме бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге ұсынылатын болады.

     «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның мәліметі бойынша 2024 жылдың 5 айында аграриялар 4 мыңнан астам бірлік техниканы сатып алған, олардың 60% - отандық өндіріс.

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар