02.09.2024

«Бәйтерек» 2023 жылдың негізгі жетістіктерін жариялады

«Бәйтерек» 2023 жылдың негізгі жетістіктерін жариялады

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ресми сайтында холдингтің директорлар Кеңесі бекіткен 2023 жылғы жылдық есеп жарияланды. Есеп GRI Standards ақпаратты ашу бойынша халықаралық стандарттарға, KASE ақпаратты ашуға қойылатын талаптарға, Корпоративтік басқару кодексіне, сондай-ақ холдингтің Ақпаратты ашу саясатына сәйкес дайындалған.

Құжатта қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері, холдингтің еншілес ұйымдарын қоса алғандағы активтерінің құрылымы, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы негізгі жетістіктер егжей-тегжейлі баяндалған. Есепте холдинг қызметінің кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты негізгі бағыттары көрсетілген.

Сонымен қатар, есепте Қазақстан экономикасын одан әрі тұрақты дамытуға бағытталған стратегиялық мақсаттар мен перспективалық жоспарлар ұсынылған.

Жылдық есептің толық мәтінімен холдингтің сайтында танысуға болады: https://baiterek.gov.kz/kk/kholding-turaly/baandamalar-esepter-solular/zhyldyk-eseptilik/

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар