19.12.2024
- Холдинг туралы
Құрметті қазақстандықтар!
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды!
Еліміздің әр азаматы үшін бұл күн ерекше, тарихи маңызды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің бүкілхалықтық сайлауы өткізілді. Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының көрегенді саясатының нәтижесінде еліміз өз тәуелсіздігін нығайтып, экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму жолында биік белестерден көрінді.
Сіздерге мықты денсаулық, мол байлық және жаңа жетістіктер тілейміз. Еліміз өсіп-өркендеп, одан әрі гүлдене берсін!