29.07.2019

Қазақстан Президенті Айдар Әріпхановты қабылдады

Қазақстан Президенті Айдар Әріпхановты қабылдады

Қазақстан Президенті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпхановты қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Мемлекет басшысына холдингтің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметі мен одан әрі даму жоспары туралы мәлімет берілді.

 

Атап айтқанда, Президентке «Бәйтерек» холдингінің «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыруға қатысуы туралы баяндады.

 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік жағдайы төмен топтағы азаматтарға арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысы, ШОБ-ты қолдау, елдің экспорттық әлеуетін және «қарапайым заттар» экономикасын дамыту, Қазақстанның Даму Банкі желісі бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі холдингтің атқарған жұмыстары туралы мағлұмат берілді.

 

Мемлекет басшысы холдингтің негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс, «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасын сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, Президент шағын және орта бизнесті дамыту бойынша холдингтің қызметін жандандыруды тапсырды.

 

Фотосуреттерді Мемлекет басшысының баспасөз қызметі ұсынған

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар