04.05.2019

Қазақстан мен Өзбекстан ШОБ қолдауда ынтымақтастық орнатты

Қазақстан мен Өзбекстан ШОБ қолдауда ынтымақтастық орнатты

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Айнұр Қуатова Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы кәсіпкерлік қызметті дамытуды қолдау мемлекеттік қорының атқарушы директорының міндетін атқарушы Екуб Умаровпен кездесу өткізді.

 

Мемлекеттік қордың басшылығы «ULTTYQ O' NIM-2019» қазақстандық өнім өндірушілер көрмесінің іс-шараларына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келген болатын.

 

Айнұр Қуатова атап өткендей, Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамыту Холдинг үшін стратегиялық сипатқа ие. Оның дәлелі ретінде Холдингтің еншілес компаниялары мен өзбек ұйымдары арасында жасалатын қарқынды байланыстар, тұрақты кездесулер, жобалар мен мәмілелерді келтіруге болады.      

 

«Бәйтерек» Холдингінде «Даму» Қорының өзбек әріптестерімен ынтымақтастығын орнату мен дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Өзбекстандағы мемлекеттік қор жақында құрылған, сондықтан «Даму» қорының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі институты ретіндегі 22 жылдық тәжірибесі өзбек серіктестері үшін құнды және пайдалы болуы мүмкін.

 

«Даму» Қорының қолдау бағдарламаларымен Қазақстанның 50 мыңнан астам кәсіпкері қамтылған. Қор кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін дамыған филиалдар желісі арқылы қаржы құралдарын (несиелеу, субсидиялау, кепілдік беру) тиімді іске асырады.

 

Кездесу барысында екі жақ қазақстандық және өзбек компаниялары арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдетудің, оның ішінде тиімді шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. «Даму» Қоры мен Өзбекстанның мемлекеттік қоры арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою біздің мемлекеттеріміздің микро, шағын және орта бизнесін қолдауға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру әлеуетін кеңейтеді.

 

«Даму» Қорының жалғыз акционері бола отырып, Холдинг ұйымдар арасындағы бастамаларды қолдауға және өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын.

 

Анықтама:

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі

қаулысымен құрылды. Қордың миссиясы – кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске

асыру арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты

дамуындағы белсенді рөлді атқару болатып табылады. «Даму» Қорының филиалдары

Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен,

қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы билік органдарымен айтарлықтай

жұмыс тәжірибесі бар.

 

ӨР Министрлер Кабинеті жанындағы кәсіпкерлік қызметті дамытуды қолдау мемлекеттік қоры Өзбекстан Президентінің 2017 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен құрылды. Қор шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге, қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге және несие беру шарттарын жұмсартуға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағыттарды алға жылжытуға жәрдемдеседі.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар