19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросы (АХҚО) ұйымдастырған Қазақстанның Корпоративтік хатшыларының форумында корпоративтік басқарудың компаниялардың тұрақты дамуына әсері және Қазақстанда ESG-стандарттарын енгізу мәселелері талқыланды.
- Биылғы жылы Форумның тақырыбы корпоративтік басқарудың компаниялар ішіндегі тұрақты дамуға әсеріне арналған. Бүгінгі таңда корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің қызметін ұйымдастырумен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар Компания ішіндегі корпоративтік басқару және тұрақты даму кодексінің қағидаттарын енгізу және мониторингілеу үшін жауап беретін компания тұлғасы болып табылады, - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің басшысы Майра Тұрғанова.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тәуелсіз директоры, доктор Клаус Мангольд ESG және корпоративтік басқару бір-бірімен тығыз байланысты жаһандық күн тәртібінің маңызды мәселелері болып табылатындықтан, Форум тақырыбы өзекті болып табылатынын атап өтті. Осы қағидаттарды ұстану компанияларға, әсіресе өнеркәсіп, банк және қаржы салаларында табысқа жетуге мүмкіндік береді.
- Қазіргі заманғы үрдістер шеңберінде адам құқықтарын ескере отырып, ашық және таза бизнестің жаңа этикалық стандарттары әзірленетін болады. Тұрақты даму бойынша есеп беруді жүзеге асыратын компанияларға ESG ақпаратын ашу рейтингі беріледі. Жақын арада бұл үрдістер Қазақстанда да өзекті болатынына сенімдімін, - деп хабарлады Мангольд мырза. - Инвесторлар компаниялардың экономикалық көрсеткіштеріне ғана назар аудармайды, сонымен қатар компаниялардың ESG-қағидаттарға бейілділігін назарға алады - деп атап өтті шетелдік сарапшы.
Өз кезегінде Майра Тұрғанова ESG бойынша міндетті есеп беру туралы өз пікірін білдірді. Атап айтқанда, Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия бұл есептілік инвесторлар үшін маңызды деп санайды. Соңғы уақытта Қазақстанда корпоративтік басқару барған сайын дамып келеді, сондықтан ESG қағидаттарын сақтау бойынша есептілік те пайда болуы ықтимал.
- Бұрын біз басқа стандарттар бойынша есеп бердік. Қазіргі уақытта Қазақстанда бізде ESG есептілігі бойынша міндеттемелер немесе қандай да бір заңнамалық нормалар жоқ, дегенмен KASE және Astana International Exchange ESG қатысты ақпаратты ашу бойынша талаптар бар. Мен доктор Мангольдпен жақын арада ESG-индексін немесе тиісті стандарттарды енгізу қажет екендігімен келісемін, - деп хабарлады Холдингтің Корпоративтік хатшысы қызметінің басшысы.
Сонымен қатар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің басшысы қазіргі заманғы қаржы институттарының даму стратегиясы ESG орнықты даму қағидаттарына негізделуі тиіс екенін айтты.
- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - корпоративтік басқаруды жетілдіру, ESG - қағидаттарды Холдинг деңгейінде ғана емес, еншілес ұйымдарда да сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізетін қаржылық даму институты, - деп түсіндірді Майра Тұрғанова.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов Холдинг пен АХҚО тәжірибесі ESG стандарттарын корпоративтік басқаруға енгізу бойынша Қазақстандағы басқа компаниялар үшін құнды бағдар болады деп есептейді.
- ESG қағидаттары өте маңызды және Холдинг ESG стандарттарын корпоративтік басқару жүйесіне енгізуге көп көңіл бөледі. Еншілес ұйымдар үшін жеке оқыту семинарлары да көзделген. Мен АХҚО-мен ынтымақтастық Холдингке ғана емес, еліміздегі басқа да компанияларға ERP стандарттарын корпоративтік басқару жүйесіне енгізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деп түйіндеді ол.
Форум соңында «Қазақстанның үздік корпоративтік хатшысы – 2021» атағына конкурс өтті. Байқаудың жеңімпазы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Корпоративтік хатшысы Дәулет Қабиев атанды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Форумның іс-шараларына АХҚО корпоративтік басқару жөніндегі кеңсесінің төрағасы Александр Ван де Путт, АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов, «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің төрағасы Екатерина Никитинская, IFC корпоративтік басқару жөніндегі бағдарламасының басшысы және ESG және тұрақты даму жөніндегі сарапшы Адалят Әбдіманапова, Құрманғазиев Жардем, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Омбудсмені және The Chartered Governance Institute-тің бұрынғы бас директоры, АХҚО корпоративтік басқару жөніндегі бас кеңесшісі Саймон Осборн қатысты.