10.10.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ («ҚТК» АҚ) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап тұрғын үй құрылысына арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жоспарлап отырған құрылыс салушыларға «ҚТК» АҚ-на тиісті өтініммен келуі керектігін хабарлайды.
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктермен берілетін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылады.
Субсидиялау функциясын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰЭМ №35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығымен көзделген.
Субсидиялаудың мемлекеттік қызмет болып табылатынын және қазіргі уақытта өтінім беру үдерісінің автоматтандырылғанын қосымша хабарлаймыз. Субсидиялауға өтінімді egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы немесе digital.baiterek.gov.kz порталы арқылы беруге болады.
Қосымша ақпаратты «КЖК» АҚ www.khc.kz сайтында немесе Компанияның 88000804448 call-center арқылы нақтылауға болады.
2020 жылдан бастап «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасының халқына тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай операторы болып табылады.