05.09.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!
Биыл тәуелсіз еліміздің құқықтық негізін қалап, тұрақтылық пен даму кепіліне айналған Ата Заңымыз қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Конституция азаматтардың құқығы мен бостандықтарына берік кепіл болып, демократиялық мемлекетіміздің іргетасын нығайтты.
Конституция – қоғам игілігі, экономика өркендеуі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті айқындайтын берік негіз.
Баршаңызға амандық, ырыс-береке және жарқын болашаққа сенім тілейміз!