09.12.2024

Қазақстан мен Германия инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Германия инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

5 желтоқсан күні Германия астанасында Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға арналған «Қаржылық құралдардың өзектілігі» тақырыбында Берлин Еуразиялық клубының (БЕК) 42-отырысы өтті. Гибридті форматта өткен іс-шараға екі елдің саясат және бизнес өкілдері, қауымдастықтар мен сарапшылар қауымдастығынан шамамен 100 адам қатысты.

Қазақстандық тараптан Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов қатысты.

Іс-шара аясында Тимур Онжанов панельдік сессияға қатысып, екі елдің үкіметтері мен даму институттары жүзеге асырып жатқан қаржылық құралдар мен оларды жетілдіру перспективаларын талқылады.

«Қазақстан 2029 жылға дейін 137 млрд еуро көлемінде шетелдік инвестиция тартуды мақсат етіп отыр, бұл ретте экономиканың шикізаттық емес секторларына ерекше назар аударылады. Біз серіктестерімізге жобалық қаржыландыру, тікелей инвестициялар және экспорттық несиелерді сақтандыру сияқты сенімді қолдау механизмдерін ұсына аламыз», — деп атап өтті ол.

Пікірталас барысында ерекше назар Транскаспийлік көлік бағытын дамытуға аударылды, ол Қытай мен Еуропаны Орталық Азия арқылы байланыстырады және неміс бизнесіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, Еуроодақ елдері үшін Қазақстан негізгі серіктес бола алатын маңызды шикізатты өндіру және өңдеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, Берлин Еуразиялық клубының жұмыс тобының IV отырысында «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы) мен AKA Ausfuhrkredit-Gesellschaft mbH (AKA) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Анықтама үшін:

Берлин Еуразиялық клубы (БЕК) — Қазақстан мен Германияның іскер топтары, сарапшылары мен ресми тұлғаларын жыл сайын біріктіретін бірегей диалог алаңы. Клубтың 10 жылдық тарихында ол екі ел арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды дамытуда тиімді құралға айналды. БЕК отырыстары дәстүрлі түрде Астана, Брюссель және Берлинде өтеді.

Қазақстан-герман бірлескен жобаларын қаржыландыру бойынша жұмыс тобы Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларын дамытуға және Германиямен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған инвестициялық бастамаларды талқылау және іске асыру үшін құрылды.


 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар