19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин панда-бондтар шығару арқылы жобаларды қаржыландыру бөлігінде ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін China International Capital Corporation (CICC) өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге CIC тарапынан ICC International Басқарушы директоры және басшысының орынбасары ДР. Ханфэн Ванг, Гонконгтағы инвестициялық банктің Басқарушы директоры және басшысы Барри Чан, Басқарушы директор және инвестициялық банк бөлімшесіндегі тұрақты табыс жөніндегі топ басшысының орынбасары Др. Чэнь Дэмин, сондай-ақ ұйымның басқа өкілдері қатысты.
«Қытай - біздің стратегиялық серіктесіміз және біз экономиканың түрлі салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталғанбыз. Панда-бондтар шығаруды қарастыру перспективалы жобаларды қаржыландырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады және біз осы бағытта үлкен әлеуетті көріп отырмыз», - деді Рустам Қарағойшин.
Әңгіме барысында «Бәйтерек» холдингінің өкілдері қазіргі уақытта панда-бондтар шығару арқылы қаржыландырылуы мүмкін жобаларды іріктеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Облигациялар шығару қаржы құралдарын әртараптандырудағы және халықаралық капиталды тартудағы маңызды қадам ретінде қарастырылады.
Анықтамалық ақпарат
China International Capital Corporation (CICC) — бүкіл әлем бойынша 200-ден астам филиалы бар Қытайдағы ең ірі қаржы компанияларының бірі. CICC елдің жетекші инвестициялық банкі болып табылады және инвестициялық банктік қызметтердің кең спектрін ұсына отырып, халықаралық қаржы нарықтарында маңызды рөл атқарады.