05.07.2023

ҚАЗАҚСТАН, КАТАР ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АӨК ДАМЫТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАДЫ

ҚАЗАҚСТАН, КАТАР ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АӨК ДАМЫТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАДЫ

Astana International Forum алаңында Катардың Power International Holding, Қытай China International Capital Corporation және қазақстандық «Бәйтерек» холдингі өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қойып, тараптар Қазақстандағы ауыл шаруашылығына және қатысушылар үшін қызығушылық тудыратын басқа да бірқатар бағыттарға инвестициялар туралы келісім жасады.

Келісім сүт өнімдерін өндіруді, өңдеуді және экспорттауды қоса алғанда, сүт кластерін дамыту үшін катарлық және қытайлық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда тікелей инвестициялар қорын құруды көздейді.

Қытайлық серіктестер China International Capital Corporation (CICC) өздерінің ірі сүт кәсіпорындарының офтейк-келісімшарттар ұсыну және қытай нарығында қазақстандық өнімді өткізуге жәрдемдесу деңгейінде қатысуын қамтамасыз етеді. 

China International Capital Corporation (CICC) Қытайдың ең ірі квазимемлекеттік компанияларының қатарына кіретін және экономиканың әртүрлі секторларында 20-дан астам еншілес ұйымдары бар серіктестік.

Power International Holding компаниясының катарлық серіктестері өздерінің baladna еншілес құрылымының атынан қорды әлемдегі ең ірі сүт өнімдерін өңдеушілердің ондығына айналдыруға ұмтылып, технологиялық серіктес ретінде әрекет етеді. 

Power International Holding-Катар мен Таяу Шығыс елдерінің (құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және денсаулық сақтау) ең ірі конгломераты.

Қазақстан аумағында әртүрлі елдерден келген инвесторларды бір жобада біріктіру идеясы Ұлттық холдингтің жаңа басшысы Қанат Шарлапаевтың келуімен туындады. 

Бұған дейін өткен жылдың қазан айында өткен Катар-Қазақстан форумында «Бәйтерек» холдингі Катар компанияларымен іскерлік байланыс орнатып, екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашты. 

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Президентінің Сианьға сапары аясында «Бәйтерек» холдингі мен CICC ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Astana International Forum қарсаңында Бәйтерек Холдингі CICC және PIH-пен бірлесіп ынтымақтастыққа тағы бір қадам жасауға шешім қабылдады және оларға Қазақстан аумағындағы агроөнеркәсіптік кешенге өзара тиімді инвестициялауға мүмкіндік беретін құжат әзірледі.

Қазақстан үшін бұл АӨК дамыту мақсатында ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуды білдіреді, инвестициялардың өзі бірінші кезеңде тек Қазақстан экономикасына бағытталатын болады. Бастапқыда сүт саласын дамытуға баса назар аударылатын болады, алайда болашақта агроөнеркәсіптік кешеннің басқа секторларында, мысалы, экспортқа баса назар аудара отырып, дәнді және бұршақты дақылдарды өсіру және өңдеу сияқты ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда. 

«Катар үшін Қазақстан Қытай нарығына шығу әлеуеті бар экономика ретінде қызығушылық тудырады. Қазақстан үшін бұл ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуды және АӨК-ні дамытуды білдіреді. Қытайлық тарап Қазақстанда өндірілген өнімнің сапасына үлкен мән бере отырып, мұндай өнімнің қазақстандық егістіктерден Қытайға сауда полктеріне жеткізілуіне мүдделі», - дейді Ұлттық холдинг департаментінің директоры Әсет Тәжікенов.

Маусым айында Холдинг өкілдері катарлық және қытайлық инвесторлармен бірқатар бірлескен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қытайлық инвесторлар Қазақстаннан өнімдерді таңбалау және буып-түю, талдау жүргізу және сұрыптау үшін Қорғас шекарасында олардың инфрақұрылымын пайдалануға мүдделі.

«Бұл келісім әртүрлі өңірлерден келген екі шетелдік инвестордың мүдделерін біріктіреді және Қазақстанның АӨК саласындағы жобаларға ұзақ мерзімді инвестициялар үшін мүмкіндіктер ашады. Бұл осы сала үшін прецедент болып табылады және біздің ойымызша, нарықтағы сапа мен бәсекелестікке қойылатын талаптарды арттырудың арқасында саланы дамытуға ынталандырады», - деп қорытындылады Әсет Тәжікенов.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар