19.12.2024
- Холдинг туралы
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов зәкірлі жобаларды жүзеге асыру инфрақұрылымды дамытуға, инвестиция мен соңғы технологияларды тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететініне тоқталды.
Ондағы әңгіме елімізде көмірсутектер негізінде жоғары технологиялық өнімдер шығара алатын отандық кәсіпорындарды құрудың маңыздылығы туралы болды.
«Әлемдегі барлық тауарлардың 96%-ы мұнай-химия өнімдерінен өндіріледі. Ал, жан басына шаққандағы мұнай-химия өнімдерінің әлемдік орташа жылдық тұтынуы – 300 келі. Сіздің үйіңізді мысалға алайық, шатырдың, қабырғалардың және еденнің жылу оқшаулағышында полиуретан, пластикалық панельдер және полиэтилен бар. Жиһаз өндірісінде ағаштан басқа ПВХ, полистирол және полипропилен көп қолданылады. Ал, теледидарлар мен кір жуғыш машиналар негізінен полистирол, поликарбонат және полипропиленнен жасалған. Тіпті автомобильдердің жартысынан көбі полимерлі өнімдерден тұрады. Бұл автокөліктің құнын 10 есеге төмендетуге және отын шығынын төрттен бірге төмендетуге мүмкіндік береді», -деді «Бәйтерек» «Ұлттық басқару холдингі» АҚ төрағасы Қанат Шарлапаев.
Мұнай-химия өнімдерін өндірудің негізгі шикізаты мұнай және табиғи газ болып табылады. Өнімнің ауқымды көлемі экспортқа шығарылады.
«Егер осы шикізаттан тыңайтқыштар, майлар мен еріткіштер өндірілсе, онда қосылған құнды 2 есе арттыруға болады. Полимерлер өндірісі қосылған құнды 7 есеге дейін, ал дайын пластмасса бұйымдарын өндіру 15 есеге дейін арттырады. Сондықтан біз үшін полимерлі шикізатты тұтынушы кәсіпорындарға белсенді қолдау көрсету маңызды. «Бәйтерек» холдингі отандық мұнай химиясын дамытудың жалпы ісіне өз үлесін қосуда», -деді Қанат Шарлапаев.
Форумға қатысушылар өнеркәсіптік, азық-түлік, тұрмыстық, медициналық және басқа да салаларға қажетті өнім шығарып, экспорттық мүмкіндікті арттыру үшін Қазақстанның тиімді орналасу географиясын барынша тиімді пайдалану қажеттігіне баса назар аударды.
Форум аясында «Мұнай-газ химиясы – ұлттық экономиканы әртараптандырудың жаңа драйвері» және «Қазақстандық полипропилен – түпкілікті өнім өндіру бойынша отандық бизнесті дамыту перспективалары» тақырыбында екі панельдік сессия өтті.